Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2058 6 пікір 7 Қыркүйек, 2023 сағат 15:21

Албания президенті Астанаға неге келді?

Бүгін Астанаға Албания президенті Байрам Бегай ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Елордаға келгені үшін Албания Президентіне алғыс айтты.

– Бұл – тарихтағы Албания Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы сапары. Сіздің ресми сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан Сіздің еліңізбен тығыз қарым-қатынас жасауға ниетті. Біз екі тараптың мүддесіне сай келетін көптеген салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік мол деп санаймыз. Екі аптадан соң елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Сіздің сапарыңыздың осы айтулы датамен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар, – деді Президент.

Албания Президенті Байрам Бегай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астанаға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, мемлекет басшысын Албанияға сапармен келуге шақырды.

 – Қазақстанға сапармен келгенім үшін өте қуаныштымын. Арнайы шақырғаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Өзіңіз айтқандай, бұл сапар дипломатиялық байланыстарымыздың 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл біздің саяси қарым-қатынасымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Енді экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер тауып, бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сізді Албанияға сапармен келуге шақырамын, – деді Байрам Бегай.

Жиында екі елдің сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастығы сөз болып, Қазақстан мен Албания арасындағы серіктестіктің басты мәселелері талқыланды.

Президент Тоқаев Астана мен Тирана арасында тікелей әуе қатынастарын орнату қажет екенін айтты.

– Туризм, көлік, энергетика және басқа да салалардағы мүмкіндіктер туралы айта келе, астаналарымыз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Қазақстан өзара ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін тағы да атап өткім келеді. Біз нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Байрам Бегай екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін жоғары бағалады

– Біздің алғашқы кездесуіміз екі ел арасында сындарлы диалог басталғанын көрсетеді. Албания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты кеңейту, сондай-ақ ынтымақтастығымыз бен гуманитарлық байланыстарымызды нығайту жөніндегі ортақ мақсатқа сай іс-әрекеттеріміз жалғасады деп үміттенемін. Сонымен қатар экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін әлеуетіміз мол. Біз осы мүмкіндікті пайдалана аламыз. Тау-кен, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және инфрақұрылымдық даму салаларындағы өзара ынтымақтастығымызды нығайтқымыз келеді, – деді Албания Президенті.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385