Меркіде Хан Кененің ескерткіші ашылды
Осы аптадағы айтулы оқиға Жамбыл облысындағы Меркі қаласында Хан Кененің ескерткішінің ашылуы болды.
Тап осы жерде Хан Кененің ескерткішін тұрғызу бес жылдан бері айтылып келе жатқан сақалды мәселе-тін. Алғашқы ескерткіш жұрт сынына ұшыраған соң, бұрынғы басшы Нұржан Нұржігітов алғазып тастап, жергілікті әкімдікке жаңасын тұрғызуға тапсырма берген. Сонымен қатты сынға ұшыраған ескерткіш, жаңа тұрпатта қайтадан жаңартылып ашылды.
Бұл елеулі оқиғаға бірі кеткен, бірі келген облыс басшылары: бұрынғы Нұржан Нұржігітов және қазіргі Ербол Қарашөкеевтер қатыса алмады. Сондықтан Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль дәлізінің бойында орналасқан ескерткішті ашуға әкімдіктен аппарат басшысы Мәди Мәтен және осы айтулы шараға орай арнайы шақырылған Хан Кененің ұрпағы Рахмаділдә Сегізбайұлы қатысты.
Abai.kz