Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Бір сауал 2297 18 пікір 18 Қыркүйек, 2023 сағат 14:11

Үшеудің бір сыры...

Ресейдің «Еуропаға терезе тескен ұлы патшасы» 1-Петр Дін басы мен Жандармерия бастығын шақырып алып, шет елдердей бай болу үшін Ресей тұрған құрлықты түгелдей орыстандыру керектігін айтқан. «Бұратана» халықтарды  дін жолымен алдап-сулап, православие дініне енгізу, аты-жөндерін орысшалау, егер оған көнбесе, қару күшімен мәжбүрлеу керек деген. Сөйтіп, олар «кембағалдардың» жерлерін тегін иеленіп, асты-үстінің байлығына кенелудің оңай жолы –  «тоқаш пен тоқпақ» саясатын жүргізу дескен. Мен оны сонау жылдары (1974-1987), қызмет бабымен Мәскеуде болып жүрген кезімде жазушы-тарихшылардың бірнешеуінен естідім.

Ол үшеудің «тарихи» құжаты Кеңес Одағының мемлекеттік орталық мұрағатында сақтаулы екен де, «№1 үстелдегі» онымен танысқысы келетіндер СОКП Орталық комитетінен рұхсат алуға тиіс екен, ал рұхсат сұрағанға беріле салмаған және құжаттан  көшірме алуға тиым болған. Біздің көрнекті әдебиетші ғалымымыз – Мекемтас Мырзахметов 1992- жылы бір әңгімемізде сол рұхсатты алып, өте құпия құжатты оқығанын айтты.

«Азиаттар білім-ғылымға қабілетті емес, олар қара жұмысқа ғана жарамды», деп даурыққан 1-Петрдің бұтарлау саясаты құрлықтың Солтүстігін, Қиыр Шығысын ойрандап, Кавказға, Орта Азияға, бізге ойысып, көк түріктің  көне атамекені – қазақ Алтайының жартысын жалмаған кезде (бүгінде «Горный Алтай», Ресей) Қазан революциясы болып, Ресейдің отарлаушыға айналған патшалық жүйесі жойылды, Алтайдың екінші жартысындағы (бүгінгі «Кенді Алтай». Шығыс Қазақстан облысы) қазақтар шоқындырудан аман қалды. Алайда Ресей дала билігімен бұрынғы шарттасуы бойынша қазақ жерін «зерттеуші ғылыми экспедицияларын» шығарып, «оларға кажет әскери бекінісін» көбейтіп, қарашекпенділерін қаптатып үлгірген-ді.

Енді Алтайдың орыстандырылған жартысындағы қаламдасымның сырын баяндайын.

Барнаулдық (қала аты түріктекті төлеуіт халқының «по-ронгы-ул» - «лайлы өзен» сөзінен шыққан) ақын Сергей Сергеевич КАТАШ 1973-жылы Алматыға келіп, докторлық диссертация қорғады. Ол өздерінің педагогика институтында Алтай филологиясы кафедрасының меңгерушісі,  профессор,   «Алтай баатырлар»   көптомдығын   құрастырған тарихшы ғалымдар  тобының  жетекшісі  екен.  Бізге, Жазушылар  одағына, келіп, танысып, еркін әңгімелесіп жүрген күндеріміздің  бірінде ол: «Ай, Ғабба! Ата-әкелерің де, өздерің де бізше: Иванов, Сидоров... болып кете бармай, байырғы қазақ қалыптарыңда қалған сендер бақыттысыңдар! Владимир Ильич Ленинге күн сайын дұға бағыштасаңдар да көп болмайды. Арыда қазақ, беріде орыс болып кеткен бізді көрсеңші! Біз - ата-бабамыздың тілінен, дінінен  мақрұм өскен бейбақпыз!» деп ауыр күрсінді (әрине, орыс тілінде сөйлеп). Оның сол минөттегі әлемтапырық қазақы әлпеті әлі де көз алдымда,  дірілдей құмыққан дауысы әлі де құлағымда...

1978-жылы КСРО жазушыларының «Дубулты» шығармашылық үйіне (Балтық теңізі жағасында) дем алуға бардым. Ықшам денелі, қараторы жігітағасымен үстеліміз бір екен, таныса отыру үшін сөз бастап:

- Туысқан, қайдансыз? Қырғызсыз ба, өзбексіз бе? - дедім.

- Не понимаю, - деді ол, қысық қара көзі күлімдей жымиып. Сұрағымды орысшаладым. Ол:

- Я - коряк. Фамилия - Косыгин, а имя - Владимир, - деді.

- Совет Одағы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Алексей Николаевич Косыгин туысыңыз емес пе? - дедім, әзіл аңғарта. - Ол кісі кеше келіпті, осы жағадағы үкіметтік санаторийде.

- Онымен туыс болсам, өстіп жүрем бе? - деді. Үнінен қыжыл аңғарылды.

- «Өстіп жүрембеңіз» қалай?- дедім, көмескі қыжылын аршып көргім келгенін жасырмай.

- Патшалық Ресейдің отаршыл-басқыншылық саясатын білетін  шығарсыз, Ленин мен Сталиннің еңбектерінде айтылған ғой. Біздің коряк ата-бабамыз сол саясаттың құрбаны болыпты. Поптарын бетке ұстаған патшалық әскери отрядтар Қиыр Шығысты басып алып, бізді – коряктарды да христиан дініне алдап-арбап, ұрып-соғып кіргізген, ата-бабамыздың аты-жөнін жойып, орыстың аты-жөнін берген. Көнбегендерді көрге лақтырған. Менің ұлы атам Бола Коянто екен, ол – «Еркін тірлік» деген ұғым. «Коянтоны» олар «Косыгинге» айналдырыпты, балаларына  коряктің атын қоюға тиым салыпты. Содан бері біздің үрім-бұтақ – Косыгиндер: Владимир, Василий, Иван, Ефрем, Кирилл… болып жүрміз.

- Жазушысыз ғой? -  дедім.

- Ана тілі орыс тілі болып кеткен ақынмын, КСРО Жазушылар одағының мүшесімін. Бірақ коряк аты-жөнімді қалпына келтіре алмадым, өтініш беріп едім, біріне бірі сілтеп шаршатты, - деді. Ол ақырын сөйлесе де, ашық ашынып сөйледі, сірә, менің де басқа ұлттан екенімді  байқап, екеуіміздің арамызда бірімізді біріміз жатырқамас себеп бар деп топшыласа керек. Маған:

- Сіз қайдансыз? Ұлтыңыз қайсысы?- деді.

- Мен Қазақстаннанмын, ұлтым – қазақ, - дедім, сөз бастамас бұрын өзімді таныстырмағаныма іштей өкініп.

- Казакстан?!

- Қазақстан – Совет Одағы құрамындағы одақтас республикалардың бірі.

- Космонавтар ұшып жүрген жақ па?

- Иә, космонавтар біздің Байқоңыр деген космодромнан ұшады.

- «Казакпын» дедіңіз бе? Орыстармен туыссыздар ғой?

- Туыс емеспіз. Біз мұсылманбыз, «қазақпыз, Қазақстан!» - дедім, «қ» әрпін қатаң айтып.

- Қызық екен. Аты-жөніңіз кім?

- Ғаббас Қабышұлы. Бізде орысша ат-жөн жоқ, - дедім, «Қабышев» дегендегі «ев»-ті жасырып.

- Патшаның шоқындырушы арнаулы отрядтары сіздер жақта болмаған ба?! - деді ол, шын таңданып.

- Болыпты, мысалы, біздің Шығыс өңірімізге Ермак Тимофеевич деген атаманның отряды зеңбіректерін сүйретіп келіп, жерімізді тартып алуға кірісіпті, бірақ Сәтбек деген батырымыз ол жауыздың отрядын талқандап, өзін Ертіс өзенімізге батырып жіберіпті.

- Сіздер бақытты екенсіздер! - деді Косыгин, қысық қара көзі өткірлене. Үнінен ризашылық байқалды. - Біз де аздап бақыттымыз, - деді ол сәлден   соң. - Егер патшалық Ресейдің езгісінде енді он жылдай жүрсек, сауатымыз ашылмастан құрып кеткен болар едік, сөз жоқ, коряк ретінде құрып  бітетін  едік, енді қазіргі күнімізге шүкіршілік етіп жүрміз...

Жақұт (якут) жазушысы Николай ГАБЫШЕВТАН да сондай налыс естігенім бар. Ол екеуіміздің өңіміз, фамилиямыз ұқсас екеніне таңдана күлімсіреп отырып: «Осы «Кабышев» деген фамилияны саған дейін Белоруссияда,   Украинада естідім. Генерал болған Карбышев та ұқсастау, демек, баяғыда, меніңше, православтықтардың арасында күштеп-зорлап шоқындырылған бабаларыңызға осындай  ат бұйырған шығар. Түрік текті маған бұл аты-жөнді басқыншылар беріпті, саған кім берді, сендер шоқындырылған жоқсыңдар ғой?» деді. Мен: «Біздің де тегіміз – түрік. Әкемнің аты Қабдырахман екен, әжесі «Қабыш» деп еркелетіп, кейін солай жазылып кетіпті», - дедім...

 

Қазан революциясы қазаққа қасірет әкелді ме?

***

Меніңше: «төңкеріс»  – көпшілікке жағымсыз болған билік тобын жайлы болар деген екіншісімен алмастыру, ал көне латын тіліндегі «революция» –  билік жүйесін өзгерту. Яғни «Қазан революциясы» деу дұрыс болар.                                      

***

Егер 1917-жылы революция болмаса, қазақтар да патшалық Ресейдің «құшағында» кетіп, мөлшері 1920-25-жылдары жұтылып тынар еді. Олай болғанда (бір ғана ойымды айтайын): қазақ халқы жаратылыс қалпында сақталып,  оның перзенттері, мәселен: ақын Абай шет жұрттарға мәшһүр болар ма еді? Патшалық отаршылдыққа қарсы тұрған Исатай-Махамбет, Аманкелді... дәріптелер ме еді? Жыр алыбы Жамбыл «Дала Гомері» аталар ма еді? Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Күләш Байсейітова және басқа Тұлғаларымыз алыс-жақын елдерге танылар ма еді? Әміре Қашаубаев Париж төрінде қазағының әндерін шырқар ма еді? Қажымұқан Мұңайтбасов балуандардың халықаралық бәйгелеріне қатысып, жүлдегер болар ма еді?  Публицист жазушымыз Әнуар Әлімжанов әлемнің алпыс шақты елінде болып, Қазақстанын, қазағын әспеттей алар  ма еді?..

Бүгінде бізде осыны парықтамай, Қазан революциясын «қазаққа керек емес еді, сор болды» деп, «Совет өкіметі», «большевик», «коммунист» сөздерін кексінмен айтатындар бар...

Халықаралық сионизм Совет Одағын жоюдың ауыша бір, жазбаша екі жобасын жасаған. 1946, 1954, 1972-жылдары.

Әу бастан-ақ саяси бетперделі Лев Троцкий (Бронштейн) 1917-жылдың жазында  Петроградта, ең сенімді серіктеріне оқып берген «Бағдарламалық мәлімдемесінде» мынаны айтыпты (үзінді):

«...Мы должны превратить Россию в пустыню, населенную белыми неграми, которым мы дадим такую тиранию, какая не снилась никогда самым страшным деспотам Востока... Мы покажем, что такое настоящая власть. Путем террора, кровавых бань мы доведем русскую интеллигенцию до полного отупленья, до идиотизма, до животного состояния... Крупнейшие банкиры из-за океана будут работать в теснейшем контакте с нами. Если мы выиграем революцию, раздавим Россию, то на погребальных обломках ее укрепим власть сионизма и станем такой силой, перед которой весь мир опустится на колени...».

«Бүкіл әлемді билеуді көксеуш халықаралық сионизм» (И.В.Сталин) тарихтан Совет Одағын, Ресейді, социалистк ел атаулыны өшіріп тастау пиғылдарын, әне, Троцкий арқылы ашық айтты. Санқилы тәсілдерінің негізі – Совет Одағын «халқын тонаған, қырған  құбыжық жүйе болды» деп дәлелдеу.  Ол үшін ақпарат құралдарын мейлінше пайдалану. Ресейдің сионистері Петроградта революция болғанда Америкада жүрген Тройкийді Ленинмен теңестіре мақала жазып, кітап шығаруда.

Халықаралық сионизмнің орталығы АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында. Залымдық сөздері барша елдерге үстемелеп жетіп жатыр...

Ғаббас Қабышұлы

(14. 09. 2023 ж.)

Abai.kz

18 пікір