Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6644 0 пікір 22 Шілде, 2013 сағат 10:22

Айдос Сарым. ЭКСПО және Эйфель мұнарасы

Эйфель мұнарасы дегенді әлемде білмейтін адам жоқ шығар. Париж десек, Франция десек ең алдымен осы мұнара еске түседі.
Оның әфсанасы мынадай: 1884 жылы Франция басшылығы 1889 жылғы Ұлы Француз революциясының 100 жылдығы құрметіне ЭКСПО өткізіп, оған келген жұртшылықты керемет зәулім ғимарат салып, қайран қалдыру керек деп шешім қабылдайды.
1886 жылы өткен конкурсқа 107 архитектуаралық және инженерлік жоба қатысып, доданы ақыры Гюстав Эйфель бастаған топ жеңіп алады.
Жобаның сол кездегі құны 5 миллион франк болыпты. Бұл қаражатты жинап, жобаны іске асыру үшін арнайы акционерлік қоғам құрылады. Қаражаттың жартысын 3 француз банкісі құйса, қалғанын Эйфель өз қалтасынан шығарыпты. Мұнараны 300 жұмысшы екі жылда көтеріп шыққан.
Бір қызығы, Париж қаласының басшылығы мұнара тек 20 жыл тұрады, одан кейін оны бұзып, орнына құрылыс жүргіземіз деп жоспарлапты. Сол жиырма жылдың ішінде жобаның акционерлері өз қаражатын қайтарып үлгіреді деп ұйғарған екен.
Мұнара көтеріліп, бой түзеген кезде оны Дюма, Гуно, Мопассан сынды Францияның барша зиялы қауымы сынапты. Бұл не деген құбыжық, қасиетті қаламыздың шырқын бұзды дегендей...

1889 жылы ЭКСПОға жиналған жұрт мұнараны көріп қайран қалады. Мұнараның образы барша әлемді шарлап кетеді. Жүз мыңдаған суреттер мен сувенирлер сатылады. Мұнараға шығамын деген адамдардың кезегі еш толастамайды. Ошшым, тез арада акционерлер өз қаражаттарын қайтарып үлгіреді. Жарнамасын айтсаңыздаршы! Осының арқасында Эйфель мәңгі бақи әлем тарихына енеді.
20 жыл өтеді де шығады. Францияға, Парижге келгеннің барлығы ең алдымен Эйфель мұнарасын көреміз, үстіне шығамыз, суретке түсеміз деп келе береді, келе береді. Бұндай майшелпекті қалай бұзасың? Уақытша деп тұрғызылған ғимарат ақыры Париждің мәңгілік символына айналып кетеді. Әлі күнге дейін Францияға туристер арқылы қыруар пайда алып келеді.
Бізді осы Эйфель сияқты нартәуекелшіл архитекторлар бар ма? Басында өзіміз үшін күлкі болса да, болашақта Астананың символына айналар идея ұсына аламыз ба? Әлде сол үйреншікті мазақ пен малшашпақ деңгейінде қала ма?
Қалай ойлайсыздар?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321