Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 2458 6 пікір 21 Қыркүйек, 2023 сағат 13:47

Фараби және Дін: Бәкірұлы мен Кенжетайдың айтысы

Философ Әбдірашит Бәкірұлы мен дінтанушы Досай Кенжетайдың Фараби және Дін тақырыбындағы әлеуметтік желідегі кішігірім айтысын Abai.kz оқырмандарының талқысына ұсынғанды жө нсанадық. 

Әбдірашит Бәкірұлы:

- Әлемге Аристотельдің шәкірті болып, өзі «екінші ұстаз» атанған Әл Фараби тек ұлы философ қана емес, ол дыбыстың физикасын математикамен байланыстырып, музыка теориясын және ноталарды жасап шыққан, «Музыка атасы» атанған зор ғалым болды.

Сонымен қатар, ол әр елдердің музыка аспаптарын зерттеген. Оларды жетілдірген.

Қазіргі діншілдер оны «көрнекті дін өкілі» деп бізге айтып жүр. «Біз ұстанған дінді ол да ұстанған» деп, одан «діни тұлға» жасағылары келеді.

Алайда, қазіргі дін музыканы және домбыраны «харам» деп жариялады. Ендеше, «Музыка атасы» - Әл Фараби қалайша оларға «діни бауырлас» боп шығады?

Осыны жақсылап түсіндіріп берсе ғой бізге, бүгінгі қадірлі имамдар.

Досай Кенжетай:

- Әбдірашит Бәкірұлы деген ағам Фарабиді Қасымжановша оқыдым дейді. Рас совет кезеңінде Қасымжанов, Бурабаев сияқты философ ағаларымыз Фараби шығармаларымен айналысты. ӨЗбекстанда Хайруллаев фарабитанушы атанды. Бірақ олар сол дәуірге советтік шаблонға сай фарабитанушы болды. Фараби еңьектерін қасақана жұлмалап аударған мәтіндердің құлы, құрбаны болды. Сосын методологиялық жұтаңдығын қосыңыз. Сосын Фараби терминдері, категориялары, эпистемиологиясы, теориялары өз алдына басқа әлем. Кеше советтік атеистердің шаблонына енген Фарабиді бүгін «исламофобтардың» шылауына беріп қоюға бола ма? Әрине, жоқ.

Әбдірашит Бәкірұлы:

- Қазақ философиясының өрлеу кезеңі Қасымжановтардан, Абдилдиндерден, Сегізбаевтардан басталады. Олардан дәріс алмағандар, әрине, оларды бір шаблонмен «Кеңестік идеология құлы» дей салады. Бұл - жала ғана емес, бұл - философиялық дилетанттық болып табылады.

Ол ұстаздар КСРО идеологиясымен емес, философияны Батыс, соның ішінде - Неміс классикалық философиясымен игерген. Сонымен тәрбиеленген. Соған сай, өздері де диалектикалық зерттеу әдістерін қолданған.

(Ғылымда бұл әлі де басты зерттеу тәсілі қалып отыр, қала береді).

...Ал, Батыс (Неміс классикасы) философиясының түпнұсқасы сонау Ежелгі Грек классикалық философиясынан туындайды. Бұл да философия тарихында мойындалған тұжырым.

(Оның негізгі өкілдері Сократ, Платон, Аристотель).

Осыған дейін Аристотель Ежелгі Грек философиясын түйіндеуші саналды. Ал, шындығында, Ежелгі Грек Философиясын түйіндеген біздің бабамыз Әл Фараби!

(Екінші ұстаз).

Қасымжанов командасы Фарабиді осы тұрғыдан зерттеді. Шындығы да сол, Фарабидің бар еңбегі, бір шолғанда, Аристотельді қайталау сияқты көрінеді.

Алайда, Фараби Аристотель ілімін негізге ала отырып, оған комментарий жасау арқылы, өз заманының ғылыми жетістіктерімен толықтырады. Фараби Аристотельді түсіну үшін, оның Метафизикасын 200 рет қайталап оқыдым дейді. Оның жаратылыстану ілімі де Аристотельдің ғылыми жолын үдемелі дамыту жолымен қайталағандық. Ендеше, Фарабиді «фараби» етуші жаңадан Халифат идеологиясына айналған ислам діні деу - Фарабиге қиянат.

Фарабиді - Ежелгі Грек классикалық философиясының соңғы өкілі деп қарастырсақ қана - Фарабиге әділ баға берілген болып шығады.

Ескерту: Фараби қайтыс болған соң жарты ғасырдан астам уақыттан кейін Фараби ілімін ресми ислам теологтары терістеді. Оны кәпірге теліді...

Ал, қазіргі «теологтар» керісінше, Фарабиден үлкен имам жасағысы келеді. Қалай? Оның Таным теориясын оқы - қайдағы дін онда? Оның Интеллект туралы теориясын оқы - қайдағы дін онда?..

Жалпы, Қасымжанов кеткен соң, Фарабитануда Қасымжановқа сатқындық жасалды. Мен солай ойлаймын! Кімнің не дейтіні маған онша маңызды емес!

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394