Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 2596 13 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 13:15

Жүрек сонеті

Ауыртпашы жүрегімді

Қоңыр самал. Жер - гүлде,

Сыбызғы ойнатып үп үнді.

Сені ойлаған  менмін бе?!

Ойға жеңдіріп ырқымды.

 

Жасыннан соңғы тербеліс,

Махаббат ескі әуенде.

Сыздаған жара. Өң мен түс.

Ұмтылған жаным кеудемде.

 

Қорқыныш - қапа жүрегім,

Тас боп кетсе бір күні...

Сезімнен суыды. Білемін.

Шық тамшы тұнып кірпігі...

 

Ақ сағым басып өңіңді.

Сүймей-ақ  өмір кешсең бе?!

Аяулым, ауыртқанша  жүрегімді,

Хаяттың суын ішсем бе...

Өзбек ақыны Усман Азим

Қос Жұлдыз

Тыңдашы, ондай.. шақ  қайда?!

Екеуміз қыдырған бақты ойла...

Қоңыр жел үттеп таңменен,

Қос жұлдыз туған аспанда...

Жұлдыздай сүюді Мен тілеп,

Жұлдыздай сүюді Сен тілеп,

Ол екеуміздің "жұлдыз" деп,

Алмадық неге  еншілеп?..

Қос жұлдыз сүмбіл жарасып,

Қос жұлдыз сүмбіл жанасып,

Сапарлас болып екеуміз,

Қалмадық, айтшы, әрі асып...

Күндер де күндер жылжып сан,

Маусым бұлағы да сырғып паң.

Қуыс кеудемде маза жоқ,

Қос жұлдызды сондағы ұмытсаң...

 

ps:

( Арманға ғашық - Қос Жұлдыз...

"Жаңбырын"  бізге, төкті күз...

Аяулы..  сонау.. сәттерден

Сағыныш орап кеп тұрмыз...)

Қырғыз ақыны  Сооронбай Жусуев

Жүрек сонеті

Мен саған арнаған өлеңде,

Айнала мәңгі жаз күлген.

Күнәдан аршып көгенде,

Мейіріммен Жарықты жаздым мен.

Шегініп ойша қалдыра,..

Жаныңнан жылу төгілген.

Бәрінде, білсең, бар күнә,

Онсыз да айтамын сеніммен.

Сәулелеп жалғыз бар кескін,

Мамық қар сынды жалт ойнап.

Шаттыққа енген жанды ешкім –

Кім райдан енді қайтармақ?

Бұл – мендік әлемде шек жоқ қой!

Балбалдай өлең ұшырған...

Жүрекке, жаным, мөрлеп қой,

Сонеттерімді ұсынған!

Тәңірім жүрекке от берді

Эдуард Асадов

(Я ль виноват, что я поет)

Тәңірім жүрекке от берді:

Ақын боп сезіндім ғаламды,

Ақын боп сезіндім жалғанды,

Күз бенен сүйіп Көктемді!

 

Күнікейім тербеп ең әуел:

Үзілген өлең тізбегі...

Мейірімнің күңгірт іздері...

Қарашық сәулем, қона көр!

 

Қызыл – ды – жасыл үнімнен:

Жоқ бақыт келсін тосыннан,

Әуені көктен қосылған,

Қанатына тылсым ілінген.

Жұмбақ қой, бәрі! Түңілме.

Сергей Есенин

Аударған Ерік Омарғалиев

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369