Сенбі, 23 Қараша 2024
Бетбұрыс 2322 1 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 13:50

Түркілер күшейіп келеді: Ортақ қор құрылмақ...

Әзербайжан Республикасы тараптардың салған инвестициялық қоры түркі әлемінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты болып табылатын Түркі инвестициялық қорын құру бастамасына ұйытқы болған еді.

Түркі мемлекеттері ұйымының негізгі міндеттерінің бірі –  экономиканың озық секторларына инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, жаңа технологиялардың пайда болуын ынталандыру және оларды белсенді енгізу болып табылады. Аталған бағыттағы негізгі басымдықтардың бірі Түркі инвестициялық қорын құру мәселесі күн тәртібіне қойылып, билығы жылдың 16 наурызында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Мемлекет басшылары кеңесінің төтенше саммиті аясында Қорды құру туралы келісімге қол қойылды. Осылайша Қазақстан Түркі инвестициялық қорына мүше болады.

Штаб-пәтері ретінде Ыстанбұл қаласы белгілен жаңадан құрылған Қордың құрамына Қордың Президенті, Басқарушылар кеңесі, Директорлар кеңесі, Бас директор және қатардағы қызметкерлер кіріп, өз жұмсын жандандыратын болады. 2022 жылғы 11 қарашадағы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының шешіміне сәйкес Қордың бірінші президенті болып Түркі мемлекеттері ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Бағдат Құлтайұлы Әміреев тағайындалғаны мәлім болды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс отырысында Қазақстаннан Түркі инвестициялық қорын құруға 70 млн доллар бөлігенін сөз етті.

Экономика министрі мәжіліс алдында: «Қазіргі жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның сыртқы байланыстарын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізу негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Соның айғағы ретінде, экономикалық секторлардағы тұрақты өсуді қамтамасыз ете алатын барлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырудамыз. Осыған орай, екіжақты ынтымақтастықпен қоса, көпжақты платформалар шеңберінде, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы аясында белсенді өзара іс-қимыл жасаудамыз», – деді.

Қордың мақсаты туыстас мемлекеттер арасындағы сауданы кеңейту және экономикалық белсенділікті қолдау арқылы ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуындағы шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылымды құруды және жаңғыртуды қолдау, өнеркәсіптік өндірісті, көлікті, ауыл шаруашылығын, туризмді және жасыл экономика саласына жәрдемдесу болып саналады.

Әлібек Қуантыров: «Бұл аталған жобалар ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашуға, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік беретінін атап өту маңызды.  Қордың жарғылық капиталы жалпы номиналды құны 350 млн доллар құрайтын төленген акциялар және номиналды құны 150 млн доллар құрайтын қосымша тартылатын акциялар болып табылады. Онда әрбір мемлекеттің үлесі 70 млн доллар төленген акциялардан тұрады. Қордың әрбір мүшесі бірдей дауыс беру құқығына ие», – деді депутаттарға қарата.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369