Жұма, 22 Қараша 2024
Анық-қанығы 3328 6 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 15:21

Қазақстан-Қытай келісімі: Қос азаматтық қалай анықталмақ?

Саяси салмағы әлсіз тәуелсіз елдер үшін ең қорқынышты дүние – қос азаматтық. Жуырда Қазақстан мен Қытай қос азаматтықты анықтау бойынша келісім жасауға белсене кірісіп кетті. Құптарлық іс. Алайда мұнда ескеруге тиіс бір маңызды бір фактор бар. Ол – Қытайдағы қандастар мәселесі.

Осы жолы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.

Мәжілістің жалпы отырысында: «Азаматтардың қос азаматтығы туралы ақпаратты тек олардың келісімі бойынша ғана береміз. Көбіне азаматтар мұндайға келісім бермейді. Бүгінгі келісімнің ратификациясы осы деректерді жедел алуға мүмкіндік береді. Қос азаматтықты анықтау туралы сұраққа тоқтасақ, бұл күнделікті жұмыс. Биыл 462 адам қос азаматтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ Қытай бойынша ондай анықталған жоқ», - деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Аталған Келісімді ратификациялау екі елдің құзыретті органдары арасындағы көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік беріп, келісуші Тараптардың азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара бірлесе іс-қимылдар жасауды жүзеге асырады, деп түсіндірілген.

ЕГЕР ОСЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНСА, ЕРТЕҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ ЕЛШІЛІГІ МЕН КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ ТАС-ТАЛҚАНЫ ШЫҒУЫ МҮМКІН!

Ауыт Мұқибек:

ҚР Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың назарына!

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенаттың қарауына барыпты.

Әрине, мұндай ақпарат алмасу туралы келісімді мемлекеттік деңгейде бекіту туралы ұсыныс біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жағынан жасалмағаны белгілі. Бұл ұсыныс Қытай тарпанының өтініші екенінде дау жоқ. Және оның арғы астарында не пәле жатқаны белгісіз.

Егер, Сенат бұл келісімге мақұлдық беріп, Президент оған қол қойса, ертең ол келісім арқылы Қытай үкіметі Қытайдағы этникалық қазақтардың екі ел арасындағы жүріп-тұруын шектеу, Қазақстан азаматтығын алған қандастарыңыздың Қытай азаматтығынан шығуын және қиындату, Қытайдан зейнетақы алатын зейнеткерлердің зейнетақысын тоқтату секілді «әләулайын» тағы бастайды деп ойлаймын.

Егер, осындай жағдайлар тағы жүз берсе, онда Тәуелсіздік жылдары Қытайдан оралған қазақтар оған төзбейді, Қазақстандағы Қытай Елшілігі мен Консулының тас-талқанын шығарып, күлін көкке ұшыруы әбден мүмкін!

Сондықтан, Сенат бұл заң жобасын қабылдаудан сөзсіз бас тартуы керек!

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303