Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 2313 3 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 12:19

Азиада 2023: Қоржынымызға үшінші алтын түсті

Азия ойындарындағы екінші алтынды Зухара Ирназарова салды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Бұл туралы ҚР Спорт және туризм министрлігі хабарлады.

Зухра Ирназарова — 560 ұпай,

Жие Ри — 554 ұпай,

Оксим Паек — 551 ұпай.

Осылайша, Қазақстан Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында екінші алтын жүлдесін иеленді.

Бүгін қоржынымызға Азиаданың үшінші алтыны да түсті. Үшінші алтынды да мергендер алды.

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенк оаралас жұптық сайыстан қоржынымызға үшінші алтынды салды.

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

(27 ҚЫРКҮЙЕК)

Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды.

Стенд ату:

Сапында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина бар Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын (350 балл) орнатты.

Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

Жүзу:

Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде Әділбек Мусин 51.86 секундта мәреге жетіп, қола медаль жеңіп алды.

У-шу саньда:

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлдеге ие болды.

Бокс:

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 кг) Непалдан келген қарсыласы Сусма Тамангты – 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты, ал Сағындық Тоғамбай Моңғолиядан келген Бариахаан Доржды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Тәжікстаннан келген боксшы Баходур Усмоновты 3:2 есебімен жеңді.

Теннис:

Аралас жұпта Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин 32 минут ішінде Тәжікстаннан келген қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.

3x3 Баскетбол:

Қазақстанның әйелдер командасы Непал құрамасын 17:10 есебімен жеңді.

Гандбол:

Қазақстан әйелдер командасы топтық іріктеу кезеңінде Өзбекстан құрамасын 37:33 есебімен ұтты.

4-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308