Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2746 0 пікір 8 Қыркүйек, 2009 сағат 09:24

Дәурен Қуат. Орыстар кетіп жатыр. Жолдары болсын!

Жалдық сипаттағы Байқоңыр қаласынан ресейлік мамандар кетіп жатқан көрінеді. Ресейлік мамандардың кері қайта бастағаны туралы Интерфакс агенттігі шағын мәліметтің шетін шығарысымен Қазақстанның бақшасына күніне бір тас атып отырмаса басы ауырып, балтыры сыздайтын орыс баспасөзі әдеттегідей байбалам салуға құлшына кірісіп кетті. Әгәрәки, аталған ақпарат агенттігіне сенімді дерек көзінен берілген ақпар рас болса, соңғы бірер жылдың ширегінде ғарыш айлағынан екі мың отбасы түп қопарыла көшіп, отандарына оралғанға ұқсайды. Әлгі «ұлы көшке» таяуда тағы да мың отбасы қосылыпты. Олардың дені келісім шартта көрсетілген кесімді мерзімдері  аяқталған соң ат басын еліне бұрған мамандар болса керек. Қайсыбірін әлеуметтік мәселелер де толғандыруы мүмкін. Интерфакске осы жайттарды баяндаған адам Байқоңырдағы жалақының Ресейде тағайындалған орташа айлық көрсеткішінің деңгейінен әрі өспегенін айтады. Оның үстіне Ресей 2018 жылы Амур облысының жерінен жаңа космодромның құрылысын аяқтап, Байқоңырдан біртіндеп көшуді ойластырып отыр емес пе? Ендеше, мамандар алдын-ала Амураға барып жайғасып та жатқан шығар. Аса қат мамандарын Медведев пен Путиннің далаға тастамасы айдан анық. Тек мамандарын ғана емес, олар ТМД аумағындағы орыс диаспорасының Ресейге оралуына мүдделілік танытып келеді емес пе? Өйткені Ресейде адам ресурсы кәдімгідей апатты ахуалға жетті.

Жалдық сипаттағы Байқоңыр қаласынан ресейлік мамандар кетіп жатқан көрінеді. Ресейлік мамандардың кері қайта бастағаны туралы Интерфакс агенттігі шағын мәліметтің шетін шығарысымен Қазақстанның бақшасына күніне бір тас атып отырмаса басы ауырып, балтыры сыздайтын орыс баспасөзі әдеттегідей байбалам салуға құлшына кірісіп кетті. Әгәрәки, аталған ақпарат агенттігіне сенімді дерек көзінен берілген ақпар рас болса, соңғы бірер жылдың ширегінде ғарыш айлағынан екі мың отбасы түп қопарыла көшіп, отандарына оралғанға ұқсайды. Әлгі «ұлы көшке» таяуда тағы да мың отбасы қосылыпты. Олардың дені келісім шартта көрсетілген кесімді мерзімдері  аяқталған соң ат басын еліне бұрған мамандар болса керек. Қайсыбірін әлеуметтік мәселелер де толғандыруы мүмкін. Интерфакске осы жайттарды баяндаған адам Байқоңырдағы жалақының Ресейде тағайындалған орташа айлық көрсеткішінің деңгейінен әрі өспегенін айтады. Оның үстіне Ресей 2018 жылы Амур облысының жерінен жаңа космодромның құрылысын аяқтап, Байқоңырдан біртіндеп көшуді ойластырып отыр емес пе? Ендеше, мамандар алдын-ала Амураға барып жайғасып та жатқан шығар. Аса қат мамандарын Медведев пен Путиннің далаға тастамасы айдан анық. Тек мамандарын ғана емес, олар ТМД аумағындағы орыс диаспорасының Ресейге оралуына мүдделілік танытып келеді емес пе? Өйткені Ресейде адам ресурсы кәдімгідей апатты ахуалға жетті. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, Ресейде жылына он миллионнан астам адам көз жұмады екен. Демек, орыс халқының туған отанына қарай қоныс аударуы табиғи әрі заңды құбылыс. Ойдағы қырдағы  орысын жиып ормандай ел болып отыруды Путин-Медведев тандемі қалағанымен ол екеуінің шешіміне  шовинистік пиғылдағы күштер табандаған қарсылық танытумен келеді. Мысалы, КМ.RU сайтының авторы да ресейлік мамандар қазақтардың тарапынан саяси қыспаққа ұшырағандықтан көшуге мәжбүр болды деп жазады.

Дүние түбегейлі өзгеріп, жаңарып жатыр. Польшаға барған сапарында Путин Ресейді тіпті бүгінгі әлемдегі «жаңа Ресей» деп те атады. Алайда орыс ұлтшылдығындай тоңмойын, кертартпа, жаңалыққа  жатбауыр, келісімге кербаққан, жасампаздыққа жаны қас  ұлтшылдық өзге ұлттарға бұйырмаған сыбаға сияқты. Олар Қазақстан билігіне қатысты тоқсаныншы жылдардың басында айтқан сыни пікірлері мен көзқарастарын өзгерете алмай әлі күнге  қор болуда. Есімізде шығар, бір кездері орыс баспасөзі «Назарбаев орыстарға басқаша, қазақтарға басқаша сөйлейді. Екі жақты саясат жүргізеді» деп жылайтын. Сол сорғымаған қалпы тағы да «Назарбаев 2 қыркүйекте Парламент депутаттарының алдында сөйлеп тұрып Қазақстан азаматтарының тегіне, ұлтына, дініне қарамастан жарастығы мен теңдігін қамтамасыз ететін заңдық норманы қатаң сақтау қажеттігін мәлімдеді. Алайда оның бұл мәлімдемесі жария саясат үшін ғана қажет. Іс жүзінде бәрі басқаша» дейді аталған сайттың авторы. Бұл пікрідің Ресейдегі қайдағы бір жазарманның  жалқы пікірі еместігіне күмәнсізбіз.

Дегенде, өктем сөйлеп үйреніп қалған Ресей саясаткерлері немесе солардың сойылын соғатындар сойқанды әрекетке барған сайын біздің биліктің де иіні түсіп, иі кетіп қайткенде орыстың қыбын тауып, ығына жығылатын жолға біржола түсіп алды. Ақиқаттан жұрдай, шырайы шындықпен жұғыспайтын, арандату амалына құрылған артық-ауыс сөзге құлақ түріп құлдық ұратын билік амал не, Қазақстанда өмір сүруде. Нақтысына көшсек, еліміздегі билік орыстілділердің жосықсыз пікірімен санасып қана өмір сүріп отыр.

Ал, Байқоңыр мәселесіне келсек жағдай былай. 1995 жылы "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы органдарды құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы" екі жақты келісімге қол қойылған-ды. Аталған келісімнің аясында Байқоңыр ғарыш кешенінде  сот, прокуратура, Ұлттық Аэроғарыш агенттігі, Қазақстан Республикасы президентінің арнайы Өкілі, мемлекеттік мүлік комитеті, ҚР Ұлттық Банкінің бөлімшесі, әскери комиссариат, ҚР ішкі істер Министрлігі мен Мемлекеттік тергеу комитетінің өкілдіктері тұрақты қызмет атқаруда. Бұл органдар қайта тіркелуге жатпайды. Алайда, екі жақты келісімге енуге тиіс болғанымен кезінде ескерілмеген құзыретті орындар Байқоңырдың ішкі өміріне араласу құқығынан ада. Мәселенки, отбасы құрған жастар Байқоңырда заңды тіркеле алмайды. «Қызылорда облыстық әділет депараментінің құзырындағы Байқоңыр  қалалық  әділет  басқармасы  еліміздің "Неке және отбасы"  туралы  Заңында көрсетілген азаматтардың  хал актілерін  мемлекеттік  тіркеумен ғана  айналысуға мәжбүр болып отыр» деп жазады облыстық «Сыр өңірі» газетінің тілшісі Нұрлан Тілегенұлы. Сондай-ақ, кеден бақылау комитеті де Байқоңырға сырттан тасымалданатын тауарларға бақылау жасауға құзыреті жетпейді.

Соңғы жылдары Байқоңырдағы Ресей азаматтарынан бірнеше рет есірткі заттары тәркеленіп алынды. Журналист Нұрлан Тілегенұлы «abai.kz» ақапартық порталына арнайы жолдаған «Байқоңыр бағынбай барады» атты мақаласында «2008 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қызметкерлері іргелес Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентіндегі автокөлік бекетінің жанында наркотикалық затты заңсыз сақтаумен бірге  тасымалдауға тікелей қатысы болуы мүмкін екі күдіктіні құрықтады.  Олардың аты-жөндерін анықтау барысында Ішкі істер министрлерінің өкілдері 1977 жылы туған Вакуленко Андрей Вячеславович пен 1962 жылы туған Ким Эдуард Львовичтің Байқоңыр қаласында тұратын Ресей Федерациясының азаматтары екендігін нақтылған. Күдіктілердің жеке басын тінту кезінде алғашқысынан 8,65 гр. героин тәркіленсе, соңғысының бойынан да 12,02 грамм табылды» деп жазады ресми орындарға сілтеме жасай келіп.

Қысқасы, Байқоңырдан соңғы бірер жылдың аумағында үш мыңға жуық маман отбасымен бірге отандарына ауа көшіпті. Орыс көші тоқсаныншы жылдардың басында қазіргісінен де қарқынды еді. 1989 жылғы санақта Қазақстандағы орыс ұлтының саны алты миллионнан асыпты. 2006 жылғы статагенттіктің жария етілген дерегінде Қазақстандағы орыс диаспорасының саны үш миллионға дейін кемігендігін көрсетті. Федеральдық миграция жөніндегі қызмет 2008 жылы Ресейге оралған орыстардың 30 пайызы Қазақстаннан қоныс аударғанын айтады.

Сонымен орыстар көшіп жатыр. Ол көшті орыс ұлтшылдары да, орысқа жағайымсып отыратын қазақстандық билікте тоқтатуға шарасыз. Сондықтан тек «ұлы көш» іркілмесін деп қана тілейік.

Байқоңыр 1994 жылы Ресейге жалға беріліп, кейінгі барыс-келістің нәтижесінде жалдық мерзім  2050 жылға дейін ұзартылған еді. Ендеше әне-міне ғарыш кешенін орыстардың тастап шығуы шындықпен сәйкеспейді. «Ресей ғарыштық әлеуетін жоғалтатын болды, Байқоңырдан орыстар кетіп жатыр» деген Ресей басылымдарының байбаламы барып тұрған бос даңғаза. Екі жақта қазір бұрынғы уағдаластықты бұзуға құлықсыз. Ғарыштық державаға айналуға мүмкіндігі бар Жапония сияқты елдер сұраныс білдіргенменде Қазақстан жағы өзінің үйренген Ресейінен тіпті де қол үзуге жоқ. Ал, Ресей мамандары болса, өздеріне сондай сенім артып серт байласқан Қазақстанды бірнеше рет ұятқа қалдырды. Қарағанды мен Қызылорданың жеріне құлаған протондардың экологиялық зардаптары Тоқтар Әубәкіров сияқты кәсіби маманның айтуынша, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға ұзақ жылдар залалын тигізіп жататын көрінеді. Ресей мамандары жасап берген «Қазсат» ол қаңғып жоғалды. Осыдан кейін Байқоңырдан көшіп бастаған ресейлік мамандарды қалай ұстап отыруға болады? Бұл сауалға ғарыштық держава мәртебесінен дәмелі, әрі Байқоңырдай байтақ өлкесі бар Қазақстан өкіметі өзгеде тараптармен жақсы байланысын мүдделі пайдаланғанда ғана нақты жауап бере алатын болады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391