Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1767 0 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 17:15

Кентау ЖЭО-сын күрделі жөндеу: Әлихан Смайылов жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кентау қаласының ЖЭО-сына барып, ондағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Кентау ЖЭО-сы 3 мыңнан астам нысанды, оның ішінде көп қабатты және жер үйлерді, коммерциялық және бюджеттік ұйымдарды жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта мұндағы 6 қазандыққа соңғы 10 жылда бірінші рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

«Бүгінгі таңда 4 қазандық толығымен дайын. Қалада жылыту маусымы жоспар бойынша 1 қарашадан басталуы керек. Сонымен қатар қосымша 2 қазандық күрделі жөндеуден өтеді, бұл да ЖЭО жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр облыс әкімдігіне жылыту маусымының қалыпты өтуі үшін жабдықтардың барлығын жедел және сапалы түрде іске қоса отырып, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475