Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5407 0 пікір 28 Тамыз, 2013 сағат 08:53

Сәкен Бозаев. Адамнан адам жасайтын мамандық иелері

Мұғалім  қызметінің  қоғамдық-әлеуметтік  мәні  терең.  Ол  -  адамнан  адам  жасаушы  мамандық  иелері. Мұғалім еңбегі – таза шығармашылық еңбек.  Оның көрінетін алаңы – сабақ.  Сабақ  беру кәсіп емес, мұғалімнің шығармашылық өнері. Ол  ондаған оқыту тәсілдерін байқап көреді де, өз әдісін таңдайды.  Ондаған кітаптарды оқиды да, өз сөзін айтады.  Бөтеннің сөзі мен ойы бойынша оқыту мүмкін емес.  Үнемі байқап көру, үнемі жетілдіру, үнемі жетілу – мұғалім қызметінің басты көрсеткіші.  Профессор  М.Н. Скаткиннің  « сабақ  -  педагогикалық  шығарма» деуі тегін айтылмаған   Әлі  берілмеген, ертең берілетін сабақтың шығарма ретінде туу сатылары, оны іске асыру жолдары болады. Бұдан бұрынғы жылдары жасалған немесе  стандартталған  модалы тәсілдерді талғамсыз қолдану  арқылы  жаңа сабақ беру шығармашылық емес. Алдыңғы жылғы бала  биылғы бала емес.  Жыл ішінде өзгермейтін білім, тәжірибе болмайды.

Мұғалім  қызметінің  қоғамдық-әлеуметтік  мәні  терең.  Ол  -  адамнан  адам  жасаушы  мамандық  иелері. Мұғалім еңбегі – таза шығармашылық еңбек.  Оның көрінетін алаңы – сабақ.  Сабақ  беру кәсіп емес, мұғалімнің шығармашылық өнері. Ол  ондаған оқыту тәсілдерін байқап көреді де, өз әдісін таңдайды.  Ондаған кітаптарды оқиды да, өз сөзін айтады.  Бөтеннің сөзі мен ойы бойынша оқыту мүмкін емес.  Үнемі байқап көру, үнемі жетілдіру, үнемі жетілу – мұғалім қызметінің басты көрсеткіші.  Профессор  М.Н. Скаткиннің  « сабақ  -  педагогикалық  шығарма» деуі тегін айтылмаған   Әлі  берілмеген, ертең берілетін сабақтың шығарма ретінде туу сатылары, оны іске асыру жолдары болады. Бұдан бұрынғы жылдары жасалған немесе  стандартталған  модалы тәсілдерді талғамсыз қолдану  арқылы  жаңа сабақ беру шығармашылық емес. Алдыңғы жылғы бала  биылғы бала емес.  Жыл ішінде өзгермейтін білім, тәжірибе болмайды. Уақыт та бұрынғы емес, өмір күн сайын жаңалықтар туғызып жатады.  Әр сабақта әр кластың, әр оқушының ерекшелігі ескерілуі керек.  Мұғалім ойша кластағы әр оқушыны көзіне елестетіп, сабақ материалын түсіндіруді соған лайықтайды.                                           

 Оқытудың тың тәсілдері өзін нақты жағдайға бейімдеп қолдануды қалайды.  Мұғалім сабақта  орындаушы емес , жасаушы. Сабақ мұғалімнің шығармасы, диктант емес.  Сабақ әдістемелерін таңдауда мұғалімдерге толық еркіндік берілуі керек.  Бұл бақылау мен талаптардан босату емес.  Сабақ әдіс-тәсілдерін  таңдаудағы еркіндік – оқу процесін іске асыруда  мұғалімге берілген қоғамдық сенім деп қаралғаны дұрыс.

 Мұғалімнің негізгі құралы – сөз.  Оны ешқандай техникалық құралдар  ауыстыра алмайды. Сөздің мазмұндылығы, жүйелілігі, түсініктілігі, айқындылығы, дәлдігі, образдылығы – мұғалімнің нағыз шығармашылығы. Мұғалім сабақтағы айтылатын сөзін дайындағанда неден бастап, немен аяқтау;   алғашқыдан келесіге  қалай көшу;  оқу материалының  басты идеясын қандай сөзбен жинақы етіп айтуды анықтайды.  Бұл жерде  ұлы  жазушылар секілді  «бір сөзді табу үшін мыңдаған тонна сөз рудасын қотарғаны сияқты»  ізденген дұрыс.  Әр сабаққа жоспар- конспект керек.  Ол мұғалімнің дербес «кухнясы».  Жоспар – конспект сабаққа керек емес, сабаққа дейін керек.  Демек, ол алдын-ала жоспарлағандай болып өту үшін керек, сабақта оқып беру үшін емес.                                         

 Сабақ дегеніміз – мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы.  Ол қатынас өзара сыйластыққа құрылуға тиіс. Баланың мүмкіндігіне сенген мұғалім мен сенбеген мұғалімнің әрекеті әртүрлі.  Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын жоясың. Кісі екеніне күмәнмен қарасаң баладан кісі шықпайды.  Көптің көзінше баланың кемшілігін  бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа. Сабақтың   мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін ашу.  Баланы таңдандыруды ұмытпа  Даналыққа ұмтылу – таңқалудан басталады.  Баланың тағдырына ойланып қара. Сабаққа қызықпаса себебіне үңіл. Тәртіп бұзса себебіне үңіл.  Себебін өзіңнен ізде.  Мұғалім мен бала қарым – қатынасы сыйластығының мәні осындай ұстанымдар болуы керек.

 Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы аса қажетті шарт. Мұғалімнің білімді болуы жеткіліксіз. Баланың жан дүниесін  түсінбейтін мұғалім – мұғалім бола алмайды.  Баланың ықыласын оята біл.  Қолынан іс келетініне сендіре біл.  Баға құнды емес, бала құнды. Әр бала өз мүмкіндігінің жоғары – төмендігіне қарамастан, өзінше ғажайып  жаратылыс. Балаға сыйлы боламын десең, өзің де баланы сыйла.  Сабағыңның қонымдылығына көп ізденіспен, тапқыр шеберлікпен ғана жетуге болады.  Жақсы мұғалімнің жетегі елеусіз. Бала қалай ергенін өзі де байқамай қалады,  Айтайын дегенің, үйретейін дегенің өзіңнен байқалмаса, бала сенбейді.                                                    

Әлемдік педагогиканың шешуін таппаған алты проблемасы бар дейді ғалымдар.  Соның бірі – адамнан адам жасау керек пе, әлде маман жасау керек пе  деген мәселе.  Жапонның  Самсунг фирмасы  маңдайшасына  « әуелі – адам, содан соң ісі» деп жазылған көрінеді.  Жазылған сөзі мен  істелген істері қабысып жатады  екен. Әрбір азаматының жеке басына құрметпен қарау – сапалы істің алғы шарты.  Мұғалімнің әрбір  сабағы ойсыз орындаушы емес,  балалардың оқу  қызметінің  кәсіби басқарушы болуды  міндеттейді.  Сабақ үстіндегі мұғалімнің басқарушылық қызметі  - өнер.  Оның  да заңдылықтары, ұстанымдары бар.  Мұғалімнің  оқу сәтіндегі  басқарушылық  жұмысы   - балалардың ақыл-ойын, қабілетін,  дағдысын мақсатқа сай пайдалана білу.

Тәуелсіздіктің  тура  жолы – білімде деп тұжырым жасалған.    Аталық сөз қалдырған ата-бабаларымыз ақшалы қалта мен күшті  білектен гөрі білімді ерекше бағалап, оны өмірлік мұрат етуді  кейінгіге аманат еткен.  Бабалардың  сол  өсиеті  өз орнын таба алса  жақсы.  Тұлпардан жабы озған елде талантты ұл-қыздардың бабы қанбай,  дарындыларының  бағы жанбай  жүргені жасырын  емес.  Қорыққаны мен қалталыны ғана сыйлайтын  кезеңнің өткелі тазаланса  білім  жолын   таңдаған  ұрпақтың  да , мектеп  пен мұғалімнің  де  бағы ашылар еді.                                

Сәкен   Бозаев    

Атырау  облысы, 

Құлсары  қаласы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320