Қоғамдық тамақтану орындарының иелері күш қызметкерлері спирттік ішімдіктер сатылатын болса, қайта ашуға мүмкіндік береміз деп ескертті дейді.
"Санитарлық-эпидемиологиялық станция асхананы, салық инспекторлары кассаны және құжаттарды тексерді. Қауіпсіздік қызметкерлері мейрамханалардың намазханасын қарап шығып, қызметкерлердің діни көзқарасын сұрады және мобилді телефондарын тексерді", - деді Оздолик радиосына ташкенттік кәсіпкерлердің бірі.
Басқа да кафе-мейрамханалардың иелері құқық қорғау органдары өкілдерінің келіп, рейд жүргізгенін жеткізген.
Жабылған мейрамханалар Ташкенттің әртүрлі аудандарында орналасқан. Бірақ оларды біріктіретін ортақ нәрсе – алкогольдік ішімдіктер сатпағаны.
Рестораторлардың айтуынша, жасырын тексерулер болған, нәтижесінде рейд жүргізу үшін "халал" мейрамханалардың тізімін құрған. Күш құрылымдары тамақтану орындарының иелеріне спирттік ішімдік сату үшін лицензия алуды және "халал" деген жазуларды алып тастауды ұсынған.
Бұл шара биліктің "діни радикалдануға" қарсы әрекеті екені айтылады.
Human Rights Watch ұйымының соңғы баяндамасында Өзбекстан дін еркіндігі шектелген елдер қатарында сипатталған.
Дереккөз: centralasian
Фото: ғаламтордан
Abai.kz