Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1351 1 пікір 6 Қараша, 2023 сағат 11:46

Блинкен Палестина мемлекетін құруды жылдамдатуға шақырды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газа секторындағы әскери қимылдарды тоқтата тұруға шақырған дипломатиялық турын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ВВС жазды.

Осы демалыста мемлекеттік хатшы Блинкен Батыс Жағалаудағы Рамалла қаласына аяқ асты сапарлап барып, Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен кездесті.

"АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің сөзінше, кездесу барысында Блинкен АҚШ-тың аса маңызды гуманитарлық көмекті жеткізу және Газа секторында негізгі қызметтерді жаңғыртуға ниеттес екенін растады. Сондай-ақ, ол палестиналықтарды күштеп көшіруге болмайтынын анық түсіндірді", - деп мәлім етті Мемлекеттік департамент өкілі Мэтью Миллер.

Блинкен мен Аббас Батыс Жағалауда тыныштық пен тұрақтылықты қалпына келтіру үшін күш салу, оның ішінде палестиналықтарға қарсы күш көрсетуді тоқтатып, кінәлілерді жауапқа тарту керегін талқылаған.

Сонымен қатар Блинкен АҚШ “Палестина мемлекетін құруға деген палестиналықтардың заңды ұмтылысын жүзеге асыру” үшін жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Махмут Аббас АҚШ мемлекеттік хатшысына дереу оқ жаудыруды тоқтатып, Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізуге рұқсат беру керегін айтты.

Сондай-ақ, ол “Газа секторындағы палестина халқы израильдік әскери машинадан қалай зардап шегіп жатқанын сипаттауға сөзім жетпейді”, - деді.

Сенбі күні Блинкен Иордания мен Египет сыртқы істер министрлерімен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізіп, оқты тоқтату идеясын жоққа шығарды. Бұл - ХАМАС тобына қайта жасақталуға мүмкіндік беретінін айтып, оның орнына гуманитарлық үзіліске шақырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1543
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087