Жұма, 22 Қараша 2024
Алашорда 4395 0 пікір 7 Қараша, 2023 сағат 13:19

Алаш қозғалысының қайраткері - Ахмет Бірімжанов

ХХ ғасырдың басында тарих сақнасына шыққан Алаш – қозғалысы – ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолының жаңа кезеңін қалыптастыра алды.

Өзінің саяси жетекшілері,қозғаушы күші мен алдына қойған мақсаттары мен қамтыған аумағы жағынан тарихта орын алған қозғалыстарының ең маңыздысы, әрі жоғарғы деңгейде ұйымдасқан еді. Алаш қозғалысың негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Осы орайда, алаш қайраткерлерінің арасынан өзінің зерделі ойымен, халық ағарту ісімен ерекшеленген тұлғаның бірі – көрнекті қоғам қайраткері Біржанов Қорғанбекұлы Ахмет.

Алашорда үкіметінің мүшесі 1871 жылы 7 желтоқсанда Торғай уезінің Тосын болысының № 1 ауылында дүниеге келген.Жастайынан зерек болған Ахмет 1891 жылы Орынбор ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1899 жылы Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Сол жылдан бастап Орынбор және Тройцк округтік, Ақтөбе, Торғай, Бұзылық уездік соттарында заң қызметкері болып жұмыс атқарған. 1906 жылы 2 шілдеде Дума отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияға қазақ депутаттарын енгізуді ұсынған болатын. Депутат А.Қалменев екеуі қазақ жерінде қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының заңсыздықтары туралы жоғарғы үкімет билігіне сұрау салады.

А.Бірімжанов ІІ Думада әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясының құрамына енеді.1917 жылдың көктемінен Уақытша өкіметтің Қостанай уездік комиссары болды.

II-Жалпықазақ сьезінде Алашорданың Ұлт кеңесінің құрамына сайланды. Алашорда үкіметі мүшелерінің Уфада өткен кеңесіне қатысып, Алашорда әділет министрі болған. Алаш партиясының және үкіметінің сайланбалы мүшесі болды. 1919 жылы Кеңес өкіметі Алашорда қайраткерлеріне ресми кешірім жасалғаннан кейін, Ахмет Бірімжанов Қазақ автономиясы Жоғарғы сотының мүшесі, одан кейінде де Жоғарғы сот саласында жауапты қызметтер атқарды.

Ахмет Қорғанбекұлы 1927 жылғы 5 қаңтарда Ленинградта (қзіргі Санкт-Петербург) ауыр науқастан қайтыс болып, сүйегі сондағы Волков қорымының мұсылман бөлігінде жерленді. Алаш қозғалысының жолында аянбай еңбек еткен алаш зиялыларының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.

Бағлан Ташимов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269