Сенбі, 23 Қараша 2024
1603 0 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 15:05

Құжат алу үшін саусақ ізін тапсыру ерікті болады

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жеке куәлік алар кезде саусақ ізін тапсыру шарасы ерікті болатынын айтты.

Оның сөзінше, саусақ ізін тапсыру шекарадан өткен шетелдіктерге ғана міндетті болмақ.

«Иә, сондай шешім қабылданды. Заң жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті негізде тапсыруын ерікті ету мәселесі қаралып жатыр. Шетелдіктерге бұл міндетті. Ал ішкі құжаттандыру кезінде бұл шара ерікті негізде болады», - деді Сәкен Сәрсенов.

Бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынатыны туралы хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443