Вашингтон мұны дұрыс қадам деп атап өтті. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирбидің айтуынша, тыныштық орнату туралы сөз АҚШ пен Израильдің ресми өкілдерінің, оның ішінде президент Джо Байден мен премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың келіссөздерінде қозғалып келген.
Ақ үй өкілі оқ атуды уақытша тоқтату жергілікті тұрғындарға қауіпсіз жерге шығып кетуге және Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік береді деді.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz