Мекеменің ресми өкілі Ирина Волктың 7 қарашадағы мәліметінде, рейдтер маусымда және қазанда жүргізілгені, заңсыз мигранттарды анықтау мақсатында тексеруді тұрақты өткізіп тұру жоспаланғаны айтылған. Операция барысында федаралдық және халықаралық іздеуде жүрген 447 адам анықталды.
Қай елдің қанша азаматы Ресейден шығарылғаны айтылмады.
Бірнеше күн бұрын Ресейдің ІІМ Мәскеу әуежайларында мигранттардан дактилоскопия (саусақ іздерін алу) және суретке түсіру жүргізіле бастағаны хабарланған.
Ресей думасында қыркүйектен бастап азаматтық алып, бірақ армияға бармаған, әскери міндетін өтеуден қашқан мигранттарды азаматтықтан айыру туралы заң жобасының қаралатыны да айтылған.
Бірқатар мәліметтерге сәйкес, заңсыз мигранттарға қарсы күресті жамылып орыс билігі ол жақта жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын – негізінен орталық азиялықтар мен кавказдықтарды Украинадағы соғысқа жіберуді көздейді.
Полиция базарларда, мешіттерде рейд жүргізіп, қамалғандарды әскери комиссариаттарға алып барғанын куәгерлер де, медиа да хабарлаған.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz