Сенбі, 23 Қараша 2024
1243 1 пікір 13 Қараша, 2023 сағат 12:19

Атамакен ҰКП: «АрселорМиттал Теміртауға» инвесторлардан ұсыныс түсіп жатыр

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына инвестор болуға ниетті компаниялар әлемнің қай елдерінен хабарласып жатқанын айтты.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сегізінші бизнес форумында азық-түлік қауіпсіздігі, жасыл энергетика мәселесі талқыланып жатыр. Шара кезінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Райымбек Баталов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына келуге ниетті инвесторлар «Атамекен» палатасына да ұсыныстар түсіріп жатқанын айтты.

«Ұлттық палатада ұлттық бизнестен де, шетел бизнесінен де „Карметкомбинатқа“ инвестиция салу мәселесі бойынша түскен ұсыныстар бар. Бұлар — Шығыстың, Ресей Федерациясының, Қытайдың, Таяу Шығыстың инвесторлары. Бұл инвесторлар „Карметкомбинатты“ инвестиция салатын кәсіпорын ретінде қарастырып отыр. Бірақ Үкімет шешім қабылдайды деп ойлаймын. Біз ұлттық палата ретінде осы ақпараттарды береміз. Ол ақпаратты Үкімет ескереді деп үміттенемін», — деді палата басшысы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475