Сенбі, 23 Қараша 2024
1580 0 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 15:41

Министрлік: «11 мың киік атылды»

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгінге дейін елімізде қанша киік атылғанын мәлім етті.

«2023 жылдың 13 қарашасындағы мәлімет бойынша 15 380 киік атылды. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысында 10 киік, Батыс Қазақстан облысында 3944 киік) арнайы қоршауға алынса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1833 киік, Қарағанды облысында 2049 киік, Қостанай облысында 1479 киік және Батыс Қазақстан облысында 6065 киік) ауланды», - деп жазылған ведомствоның редакиця сауалына жолдаған жауабында.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ерлан Нысанбаев киік санын қолдан реттеу жоспарын бөліскен болатын.

«Биологиялық негіздеме бойынша, киік санын реттеудің екі тәсілі ұсынылды. Біріншісі – арнайы қоршауда ұстау, екіншісі түнде ату», - деген болатын министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485