Сенбі, 23 Қараша 2024
1488 0 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 16:43

Якутия әскери комиссары: «Апта сайын 15 адамнан майданға аттансын!»

Якутия әскери комиссары республиканың әр ауданыннан Украинадағы соғысқа жыл аяғына дейін апта сайын 15 адам жіберіп отыру керек деп мәлімдеді.

Бұл туралы ол аймақ үкіметінің қыркүйектегі жабық отырысында айтқан. Оның мәлімдемесінің таспасын «Еркін Якутия» қоры жариялады.

Оның айтуынша, қыркүйекте Якутия Таяу Шығыстағы өңірлер ішінде соғысқа аттанған еріктілер саны бойынша соңғы орында тұрған. Якутия еріктілерді соғысқа жіберу жоспарының үштен бірі ғана орындалған. Мысалы, Алан ұлысы жыл аяғына дейін 176 ерікті соғысқа жіберілуі керек, әзірге 36 адам ғана майданға аттанған.

Авдонин адамдарды соғысқа үгіттеуді күшейту керектігін, әйтпесе қорғаныс министрлігі мен Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев шара қолданатынын ескерткен.

Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Украинаға аттанғандар соғыс аяқталғанша елге қайтпайды деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502