Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1583 1 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 16:54

Алматыда Болат Назарбаевтың жаназасы шығарылды

Алматы облысы Қарасай ауданында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұммен қоштасу рәсімі Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтті.

Еске салайық, ауыр дертке ұшыраған Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап BN INVEST холдингін басқарды. 2016 жылы «Саликалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

Еліміздегі бірқатар стратегиялық салалардағы активтерді монополиялық басып алу, сондай-ақ рейдерлік шабуылдар жасау сияқты әрекеттердің көпшілігі Болат Назарбаевтың есімімен байланыстырылады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір