Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3169 0 пікір 13 Қыркүйек, 2013 сағат 07:46

Рамазан Стамғазиев: «Жастарға жаным ашиды»

Мемсыйлық пен аты дардай атақтан құр алақан емес  «ел ағалары» дегендердің халық пен қоғам жайын күйттейтін жерде ат тонын ала қашатыны таң қалдырмайтын болды. Бұрынғылар:  «Малым, жанымның садағасы» деуші еді. Ал, бүгінгілер аузымды ашсам артыма сарт ете түсер деп алдымен манағы атағы мен жиған- тергенінің артын ойлайтын болды. Трибунадан болмаса да, ел қамын тілге тиек ететін қазақтың үнін есітегенде айтары бар азаматтар азаймапты деп, көңіл құрғырдың көншіп қалатыны содан болар.

Сол айтары барлардың  сабына  белгілі әнші- Рамазан Стамғазиевты қосуға болады.  «Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды, сондықтан өзіміз бекем болуымыз керек», - дейтін өнер иесі бұл жолы да тосылып қалмады.

 

- Рамазан мырза, бүгінгі күні тыныштықта жатқан көрінесіз. Әлде бұл  ақжал толқынның алдындағы аздаған  кідіріс пе?

Рас, кейінгі кезде өнерден бұрын ұстаздыққа ден қойып кеттім. Бүгінде Темірбек Жүргенов атындағы  өнер академиясында «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының меңгерушісімін.  Өзім осы қарашаңырақтың магистранты бола жүріп, студенттерге дәріс беремін. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде қосымша ұстаздық ететінім тағы бар...

- Сонда сізге сахнадан бұрын ұстаздық  жақын боп кетті ме?

Мемсыйлық пен аты дардай атақтан құр алақан емес  «ел ағалары» дегендердің халық пен қоғам жайын күйттейтін жерде ат тонын ала қашатыны таң қалдырмайтын болды. Бұрынғылар:  «Малым, жанымның садағасы» деуші еді. Ал, бүгінгілер аузымды ашсам артыма сарт ете түсер деп алдымен манағы атағы мен жиған- тергенінің артын ойлайтын болды. Трибунадан болмаса да, ел қамын тілге тиек ететін қазақтың үнін есітегенде айтары бар азаматтар азаймапты деп, көңіл құрғырдың көншіп қалатыны содан болар.

Сол айтары барлардың  сабына  белгілі әнші- Рамазан Стамғазиевты қосуға болады.  «Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды, сондықтан өзіміз бекем болуымыз керек», - дейтін өнер иесі бұл жолы да тосылып қалмады.

 

- Рамазан мырза, бүгінгі күні тыныштықта жатқан көрінесіз. Әлде бұл  ақжал толқынның алдындағы аздаған  кідіріс пе?

Рас, кейінгі кезде өнерден бұрын ұстаздыққа ден қойып кеттім. Бүгінде Темірбек Жүргенов атындағы  өнер академиясында «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының меңгерушісімін.  Өзім осы қарашаңырақтың магистранты бола жүріп, студенттерге дәріс беремін. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде қосымша ұстаздық ететінім тағы бар...

- Сонда сізге сахнадан бұрын ұстаздық  жақын боп кетті ме?

- Әрине мен үшін сахна киелі орын. Бірақ онымен қазір қоштаса қоятындай  қартайып тұрғаным  да шамалы. Әлі біраз тер төгіп, халыққа қызмет етсем деймін. Ұзтаздықты міндетіме санаймын. Өйткені алда  жаһандану деген үлкен «көш» келе жатыр. Сол көштің ығында кетпеу үшін төл мәдениетімізге назар салуымыз қажет. Осы орайда  білген түйгенмді жастарға үйрету арқылы, келер ұрпаққа аз да болсын қолғабыс етсем деймін.

- Табақтай дипломы бола тұра  қара домбырасын құшақтап,  эстрада деген нарықтың тасасында қалып жатқан жастардың жағдайы нешік?

- Жастарға жаным ашиды. Дәстүрлі өнердің жілігін шағып, майын ішкен түлектер  жұмыс таппай сенделіп жүр.  Кейбіреулер- жоғары білімін ғылыммен ұштастырып, магистратура мен доктурантураны жалғастырып жатады. Оны бітірген күннің өзінде филармония мен оркестрлік  сынды мәдениет ошақтарына жұмысқа тұра алмайды. Өйткені- жасы жиырма бірден асқан соң ондай мекемелердің талабана сай келмейді.  Ал, ән айтып танымал болу үшін сахнаға шығып, экраннан көрінуі керек.  Бірақ бүгінде дәстүрлі өнерге деген насихаттың қаншалықты дәрежеде екені  айтпасада белгілі. Қаптап кеткен ток-шоулар мен  ойын-сауық бағдарламалардың форматына  сәйкес келмейміз.   Ұлттық деген дүниелер осылайша   Ұлттық арналардан сырылып қалды.  Бірді-екілі телеарналарда ғана дәстүрлі өнерді дәріптейтін дүниелер бар.  Алайда, олар алыс аймақтарға таралмайтын болғандықтан көрермендері қаладан аспайды. Шынутайтында халықтық өнерді сүйіп тамашалайтын қырдың халқы ғой. Сөйтіп пәленше жыл оқып диплом алған түлектеріміз қара басына сая таппаған соң, еріксіз  өнерден кетіп қалады.

Дәстүрлі өнерге тұзақ құрушылар қай заманда да  болған. Халық әнін айтқан талай күміс көмейлер жауапқа тартылып, қудаланған  уақытты да өткердік.  Солардан талмай өткен қазақтың әні  мен күй өнері  бұл нарықтың тезінен де тайсалмай өтетініне сенімдімін.

- Өзіңіздей ұлттық өнердің сойылын соғып жүрген әншілер дәстүрлі әншілерге арналған арнайы зал жоқтығын айтып зар илеп  жүргенде, Астанадан алып опера және балет театры салынды. Өз елінде өз өнерін өгейсітіп келе жатқан жалғыз  мемелекет біз  сияқты көрінбейміз бе?

- Өнерден өзге тіліміз де жетімнің күйін кешіп келеді ғой. Туған тілімізді аяқтан тұрғыза  алмай жатқанда мектеп бағдарламасына үш тілді  оқу жүйесін енгізді. Үш кітапты меңгеруге тиіс балаға енді тоғыз кітапты арқалап жүруіне тура келеді. Жаңа технологияның ортасындағы қала балаларына бұл ауырлық ете қоймас. Ал оқулығынан бастап пән мұғалімдері  жетіспейтін ауыл мектептеріндегі балалардың жағдайы не  болмақ? Орта білім беру мектептеріне арналған оқулықтар жетіспегендіктен қаншама ата-ана әлі күн «Атамұра» мен «Алматыкітап» баспаларының  босағасын торуылдап жүр.

Ал манағы сұраған дәстүрлі өнерге арналған арнайы зал жөнінде айтар болсақ, оны айта-айта жағымыз талды.  Әйтеуір елу елдің қатарына ену үшін «2030  бағдарламасын» орындауымыз керек деп, жар салып жатыр. Бұйырса дәстүрлі әншілерге арналған арнайы мәдениет ошағы  сол жобаға ілініп қалар. Кім біледі? «Үмітсіз шайтан» демей ме...

- Әйтсе де сіз осы бағдарламаның орындаларына сенесіз бе? Егер онда айтылғандай ертегідегідей күн кешер болсақ, оны неліктен жиырма жылға кейінге шегеріп,  енді 2050 жылға көштік?

Оны уақыт көрсетеді. Алдымен 2030 жылдың келуін күтейік те... (Мысқылдай күлді)

- Мына бір қызыққа қараңызшы. Мәселен, сіздер аға буын өкілдеріне қарап қарап бой түзедіңіздер. Ал бүгінде өзінен жасы кішілерге үлгі болатын құрдастарыңыздың  заман ағымынан қалмайық деп,   жастарға қарап ой түзейтінін қалай түсінуге болады?

- «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген.  Егер халық игілігіне жарайтын, жас ұрпақтың тамырына балта шаппайтын дүниелер болса оны неге игермеске. Ал ата сақалы аузына түсіп тұрып баланың ісін істесе оны халық қабылдамайды. Бүгінде бата бере алмайтын ақсақалдар бар. Сондайларды көргенде зығырданым қайнайды. Құдайдың берген жасын мойындамай, жастармен жағаласатын  қарттарды көргенде жаным ауырады. Бұл біз үшін қасірет. Барлығын әкеп заманға телиміз. Бар кінә заманды жасайтын өзімізде екенін мойындай бермейміз.

- Күні кеше өткен «Алматы менің махаббатым» сияқты ретро фестальдерден өнерде өзіндік орны бар  өзіңіздей әншілерден бұрын өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шенеуніктерді жиі көретін болдық. Бұл  өнері мен сахнаның  еріккендердің ермегіне айналғанын аңғартпай  ма?

 -  Бұл фестивальдің аты ғана  болмаса, одан  бір кездері  Алматыда әуелеген әуендердің иісі де шықпайды. Соған қатысып жүрген мүйізі қарағайдай  майталмандардың жастығы Алматыда өтпеген сияқты.  Әйтеуір жандары қазақ дегені болмаса, тілі шұбар дүбара біреулер жиылады. Сондықтан да «Алматы менің махаббатым» фестивалін еріккендердің ермегі дер едім. Әкімқаралардан бастап барлығы бірдей әнші, күйші болып кетті. Алдындағы аспабын  қаншалықты дұрыс орындап тұр, онда шаруасы жоқ. Тым құрыса көрерменді сыйлап,  халықпен санасуға болады ғой. Өздерін жарнамалау жолында ұяттан да  тайсалмайтын болды. 

- Айтпақшы осы кеште қатысуға тиіс Қайрат Нұртас сырылып қалды да, орнын Венера Назарбаева сынды әуесқой әншілер басыпты. Бұған не дейсіз?

- «Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін» деген осы да...

- Кешегі  сол жас әнші Қайрат Нұртастың әнін тыңдауға жиналған жастар арасындағы дүмпуге әркім өзінше баға берді.  Көкірегі ояу азаматтардың бірі ретінде өзіңіз қандай талдау жасап көрдіңіз?

- Бұл мәселе бойынша алдымен әншінің продюссерін жазаға тарту керек. Сағат жетіде сахнаға шығуға тиіс Қайрат  екі сағаттан соң бірақ келген.  Неге продюссер ондай бассыздыққа жол береді. Қарайып күтіп тұрған тыңдарманды неге сыйламайды?..

- Сонда сіз жастар әншінің уақытынан кешігіп келгеніне наразылық білдірді дегенді айтқыңыз келе ме? Әйтсе де жұмыссыз жастар жиылған топты пайдаланып төңкеріс жасағысы келді деген пікірге не дейсіз?

- Әркім әртүрлі пікір айтады. Егер халық көтерілемін десе Қайрат Нұртастың кешігіп келуіне қарамайды.

- Әйтсе де сол кеште қаншама рет оқ атылды. Адам шығын болды деген бейресми ақпарат та бар. Бірақ құзырлы органдар солардың дымын білдірмей жауып тастады. Бұл біздің елдегі адам құқығының көгендеулі екендігінің анық көрінісі емес пе?

- Кез келген мемлекетте оппозициялық партиялар бар. Олардың басқа партиялармен құқықтары да тең қарастырылады.  Керек десеңіз, оларға қажетті қаражатта бөлінеді. Ал біздің оппозицияны тұншықтырып тастады. Сондықтан олар  әркез арандатушы ретінде көзге шыққан сүйелдей көрінеді. Біздің елдегі адам құқығының қаншалықты күйде екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

 - Өз қолымызбен соққан қазақы қара теңгенің де құны қалмай барады ғой. Бүгінгі қос бүйірден қысқан қымбатшылыққа қаншалықты қынжыласыз?

- Тәуелссіз ел бола  бола тұрып, төл теңгеміздегі орысша жазуларды көргенде қарыным ашады. Қай мемлекеттің  ұлттық валютасы өзге тілде жазылады. Осыдан-ақ кімге тәулді болып отырғанымыз белгілі болатындай. Бүгін жалақы мен зейнетақы мөлшері өсті десе, күні ертең азық-түлік пен коммуналдық төлемдердің бағасын шарықтатып жібереді.  Мұны қадағалап жатқан жан баласы жоқ.  «Орман аралаған үйші, ел аралаған сыншы келеді» деген.  Ел аралап жүріп  ауыл аймақтағылардың тұрмыс тіршілігін көргенде тіптен жаның ауырады. Ауыл дамып, ет, сүт, жүн өнбесе қала қайдан қарық болмақ?  Міне, осының салдарынан алақанымызды өзгеге жайып қалдық. Қазір Қазақстаннан қасық та шықпайды, барлық тұтынатын тауарлар шетелден келеді. Ол аз десеңіз,  Астананың өзінде ұлттық нақышта тұрғызылған бірде- бір сәулет өнері жоқ. Өзге бір елде адасып жүргендейсің. Өз ішімізде қарық болмай жатып, Еуропаға ұмтыламыз. Ең қорқыныштысы да осы...

- Сіздің жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазыны сүйетініңізді жақсы білеміз. Қазақтың қанына сіңген саятшылыққа да құмар екендігіңізден хабардармыз. Әйтсе де осыларды кәсіп көзіне айналдырып көргіңіз келмей ме?

 - Шетелден келетін достарым күнделікті жейтін тамағымыз бен, көретін теледидарымызға қарап: - «қазақтың исі сезілмейді»- дегенде жерге кірердей боламын. Сондықтан құмай тазыны қосақтап, құс салып, аң аулатқызып кең далада серуендетемін.  Қазақтың ерекшелігін сонда ғана сезінеді. Ал сіз айтып отырған құсбегілік пен құмай тазыны ұстаудың машақаты көп.  Сол себепті онымен түбегейлі айналысу маған лайық емес көрінеді.

- Әңгімеңізге рахмет! Өнерде өрісіңіз кеңіп, ұстаздықта шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Сұхбаттасқан Динар КАМИЛОВА.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391