Пашинян Минскіде өтетін ҰҚШҰ саммитіне қатыспайды
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Минскіде 23 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатыспайды. Бұл жөнінде армян үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пашинян саммитке қатыспайтыны жөнінде Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескенде жеткізген. Бұған қатысты Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Мәскеу Пашинянның қатыспайтынын білмегенін, егер солай болса, өкінішті" деген пікірін білдірген.
Осыған дейін Армения премьер-министрі Ереван Ресейдің әрекетінен кейін қауіпсіздік саласына қатысты өзге елдермен әріптестік құруды қарастырады деп мәлімдеген.
Ол Мәскеу Таулы Қарабаққа қатысты жанжалды реттеуге көмектесе алмады деді.
Былтыр қараша айында Ереванда өткен ҰҚШҰ саммитінде Никол Пашинян Арменияға бірлесіп көмек көрсету жөніндегі декларацияға қол қоюдан бас тартқан.
Abai.kz