Жексенбі, 24 Қараша 2024
1583 4 пікір 15 Қараша, 2023 сағат 14:50

Ресей шенеунігі орыс тілі мемлекеттік емес елдердің азаматтарын елде жұмыс істетпеуге шақырды

Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері орыс тілі мемлекеттік мәртебеге ие емес елдерден келген еңбек мигранттарына курьер, сатушы және такси жүргізуші болып істеуге тыйым салуды ұсынды.

Петр Толстой парламент отырысында осылай деп мәлімдеді. Федерация кеңесі орыс тілін сақтау, қорғау және дамыту мәселелерін талқылаған.

Дума вице-спикерінің айтуынша, постсоветтік республикалар болашағы бар ағылшын тілін белсенді түрді үйреніп, сонымен бірге ана тілін дамытуға көңіл бөліп отыр. Толстойдың пікірінше, Ресей осындай әрекетке тосқауыл қоюы тиіс.

Постсоветтік елдер арасында Беларусьта ғана орыс тілі мемлекеттік мәртебеге ие. Қазақстан мен Қырғызстанда орыс тіліне ресми, ал Тәжікстанда ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілген.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547