Ербол Ақшолақов. Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйіру кімге керек болды?
«Жас Алаш» газетінің 10 қыркүйек күнгі №71 санында шыққан «Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйiрiлдi» деген Е.Көшербайдың дүбара сөзге толы дүниесін оқыдым. Пах-пах шіркін! Біреуге күйе жағу оңай-ақ! Мақала авторы Көшербайдың жазуы бойынша, Жұмағұлов мырза әпсетте Әблязов бола қалыпты-мыс! Бақытжан Тұрсынұлы Республиканың бюджетіне орасан зор қаржылық дағдарыс алып кепті. Сіз айттыңыз солай, - біз айтайық былай: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ректоры болған тұстан бері жақсы танимын. Ол – білімге, білмекке ұмтылған қазақ жастарына қол ұшын беріп, қамқорлық көрсетуден шаршамаған абзал жан. Жеке өзіме Алматы облысы әкімінің аз қамтылған, көп балалы, жетім жесірлерге бөлінетін білім гранты түрлі себептермен берілмей қойғанда осы Бақытжан Тұрсынұлы қол ұшын созып, азаматтық танытқан болатын. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі саны бар сапасы жоқ, қираудың аз-ақ алдында тұрған Білім ошақтарының бойына қан жүргізіп, күрделі жөндеулерден өткізіп, ең алыс түкпірдегі ауылдарға дейін балабақшалардың жұмысын жолға қойған да осы Жұмағұлов болды. Жұмағұловқа дейін аты бар да заты жоқ, әншейін ақша жасаудың айналасында қалған университет, колледждерден аяқ алып жүре алмай қалған едік.
«Жас Алаш» газетінің 10 қыркүйек күнгі №71 санында шыққан «Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйiрiлдi» деген Е.Көшербайдың дүбара сөзге толы дүниесін оқыдым. Пах-пах шіркін! Біреуге күйе жағу оңай-ақ! Мақала авторы Көшербайдың жазуы бойынша, Жұмағұлов мырза әпсетте Әблязов бола қалыпты-мыс! Бақытжан Тұрсынұлы Республиканың бюджетіне орасан зор қаржылық дағдарыс алып кепті. Сіз айттыңыз солай, - біз айтайық былай: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ректоры болған тұстан бері жақсы танимын. Ол – білімге, білмекке ұмтылған қазақ жастарына қол ұшын беріп, қамқорлық көрсетуден шаршамаған абзал жан. Жеке өзіме Алматы облысы әкімінің аз қамтылған, көп балалы, жетім жесірлерге бөлінетін білім гранты түрлі себептермен берілмей қойғанда осы Бақытжан Тұрсынұлы қол ұшын созып, азаматтық танытқан болатын. Еліміздің түрлі өңірлеріндегі саны бар сапасы жоқ, қираудың аз-ақ алдында тұрған Білім ошақтарының бойына қан жүргізіп, күрделі жөндеулерден өткізіп, ең алыс түкпірдегі ауылдарға дейін балабақшалардың жұмысын жолға қойған да осы Жұмағұлов болды. Жұмағұловқа дейін аты бар да заты жоқ, әншейін ақша жасаудың айналасында қалған университет, колледждерден аяқ алып жүре алмай қалған едік. Соның барлығын қысқартатынын қысқартып, жабатынын жауып, еліміздегі жоғарғы және төменгі білім саласының жұмысын жолға қойып келе жатқанда мына тірлік – еңбекқор ерді екпетінен құлатудың қайталанбас озық үлгісі болды. Осыны ұйымдастырған адамға Нобель «сыйлығын» беру керек меніңше. Ақордаға жиі аяқ басатын ағасы Көшекеңнің баласына тың деректер айтыпты: «Жұмағұловтың докторлығы ұрланған, көшірме» деп. Ойхой-оу, Көшекеңнің баласы да, Ақордаға жиі аяқ басатын ағасы да Жұмағұлов «ұрланған» докторлығын қорғап жатқанда, бөтелкеден стақанға су құйып қарап тұрып па?..
Ереке, мың рет естігеннен бір рет көрген артық. Алматы қаласында ғылымның төресі, академик, профессор, мемлекеттік сыйлықтың иегері Смағұлов Шалтай Смағұлұлы атында физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын облыстық мектеп-интернат бар, сол білім ордасындағы Шәкеңнің аруағына арналып ашылған мемориалдық музейге бас сұққаныңыз абзал, егер білмей жатсаңыз ол жерге мен апарайын сізді. Себебі мен сол қара шаңырақтың түлегімін. Ол жерден «атамның басын іздеймін бе?» -деуіңіз әбден мүмкін, бірақ жаңағы сіз сыңсып сыр шерткен Жұмағұловтың докторлығына қатысты талай шындық, әрі деректер жатыр ол жерде. Сіз білесіз бе, білмейсіз бе, айта отырайын айып болмаса, заманында Бақытжан Тұрсынұлының бірден-бір ғылыми жетекшісі – марқұм Шалтай Смағұлов болған. Әуелгі ғылыми ізденіс жолын Бақытжан Тұрсынұлы Қырғызстаннан бастаған. Совет үкіметінің уағы болатын. Қазіргіше 5000 долларға ғылым кандидатын сатып алатын кез емес-тін ол. Ал сіз айтып отырған сөз – базардағы екі қатынның «Пәленшенің байы кеше түнде қостан қос жылқы ұрлап келіпті» дегеннің түрі ғой . Аққа қара жағу оңай, бірақ, жұқпайды. Ерекең тағы бір сөзінде «Ген. Прокуротура тексеріп тауыпты» дейді. Сол Ген. прокурорлар түйені түгімен, халықтың қазынасын қазанымен жұтып жатқандарды неге көрмейді екен, қызық! Ал не дейміз? Біздің ой – осы. Биліктің жайы да, ойы да бөлек. Әйтседе, жақсының жақсылығын айту азаматтық парызым деп есептеймін. Қысқасы, Бақытжан Жұмағұловтың басына бұлт үйіру кімдерге керек болды? Не үшін керек болды? Бұл сұрақтардың да ақ-қарасы алдағы өмірде айқындала жатар. Сәл күтейік...
Masa.kz