Жексенбі, 24 Қараша 2024
1446 5 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 11:58

Тоқаев «Самұрық-Қазынаның» Назарбаев басқарған кеңесін таратты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР "Ұлттық әл -ауқат қоры туралы" Заңында 6-1-бап ("қорды басқару жөніндегі кеңес") алып тасталсын", - делінген құжатта.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болды. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болды.

Бұған дейін Назарбаевтың соңғы лауазымы жойылғаны хабарланған еді.

Еске салайық, өткен жылы парламент Қазақстанның “Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңның жойылуына байланысты дауыс берген болатын. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық өкілеттіктері  мен мәртебелерінен айыра бастады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5548