Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1487 5 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 14:29

Перуашев Бишімбаев жайлы: «Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден»

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың мінезі туралы пікір білдірді.

«Әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевты жеке танитын ба едіңіз? Сізге ол қандай адам ретінде көрініп еді?», — деп сұрады БАҚ өкілі «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумының алдында.

Депутат оны жеке танығанын, экономикалық білімі жоғары адам ретінде білетінін айтты.

«Иә. Енді ол, біріншіден, білімді адам. Экономика, одан кейін мына тіл жағынан білімді адам. Бірақ Әлихан Бөкейхан айтқан сөз бар ғой: "Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден". Мінезі қандай екенін ол қазір көрсетті ғой. Сондықтан мен оған сот бола алмаймын. Халық оған сот  болсын. Сот ол жайында шешім шығарсын», — деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ, ол мұндай келеңсіздіктің ар жағында тәрбиедегі келеңсіздік жатуы мүмкін екенін де айтты.

«Меніңше, біз балаларымызға білім берейік десек, оларға дұрыс бағыт берейік десек, ең алдымен тәрбиемен айналысуымыз керек сияқты», — деді Азат Перуашев.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар