Азат Перуашев: Ресейдің мүддесін тықпаламай, халқымыздың таңдау құқын қорғауымыз керек
Көлемі 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жеке тұрғын үйлерге салынатын салық көлемі 3 есеге дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ «қанша ластасаң, сонша төлейсің» деген қағидамен 3-4 мың.текше.см көлемнен асатын көліктерге салынатын салық түрі де ұлғаймақшы. Салық кодексіне ұсынылатын түзетулердің сықпыты осындай. Алайда экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев әкеліп таныстырған жобаға Мәжіліс депутаттары ішінара қарсылық білдірді. Мысалы «Ақ жол» партиясының жетекшісі, Мәжілістегі партия фракциясының басшысы Азат Перуашев: «Салық кодексіне ұсынылатын түзетулер қазақстандықтардың өмір сүру сапасының әлсіреуіне әкеп соғады» деп ашық айтты.

«Неге сіз, тұрғын үйде қанша адам тұратындығынан гөрі, тұрғылықты ауданын ғана есепке алып отырсыз? – деп таныстырылу барысында Азат Перуашев Ерболат Досаевқа сұрақ қойды. 150 шаршы.м деген 4-6 баласы бар отбасыға не болады? Қазақ отбасыларында үш ұрпақ: балалары мен әке-шешесі ғана емес, сонымен бірге ата-әжелері де бірге өмір сүріп жатады. Астана мен Алматыға, облыс орталықтарына туған-туысқандардың балалары оқуға, не жұмыс істеуге келетіндері тағы бар. Неге осы мән-жайды ескермейсіз? Бүгіндері отбасындағы көпбалалық пен демографияны қолдау керектігін айтып жүрміз. Оларға көмектесудің орнына керісінше Үкіметке алақан жаймай аяқтарына тұрған отбасыларға қалайша меншік салығын 3-есеге көбейтеміз?!
А.Перуашев министрге Тұрғын үй құрылысын дамыту мен өмір сүру стандарттарының деңгейін жақсарту туралы Елбасының тапсырмаларын есіне салып өтті. «Сіз сапалы өмір сүруге ынталандырудың орнына кедейшілікке итермелеп, тұрғындарымызды қайтадан «хрушевкаларға» тығуды ұсынып отырсыз? «Ақ жол» фракциясының депутаттары кедейлерді азайту, ауқатты қазақстандық отбасыларды көбейту үшін табанды күресуде – деді депутат, - Тұрғын үй құрылысы, жақсы үйге сұраныс - бұл жұмыс орындары, бұл бюджетке салық түсіру, бұл құрылыс материалдарын өңдіру. Сонда сіз, іс-жүзінде осыларды қысқартуды ұсынып отырғаныңызды түсінесіз бе?»
Көлікке салынатын салықты ұлғайту туралы Азат Перуашев: «Бұл тікелей Ресей автомобильдерінің мүддесін қорғау, «Мерседес» немесе «Тойоталарға» қарағанда көлемі шағын болғанымен, Ресей автомобильдерінің газ қалдықтарын шығаруы көп»,- деді. Оның пікірінше, Үкімет экология үшін күрес дегенді желеу етіп, ресейлік емес өнімнен гөрі сапалы заманауи көліктерді сатып алушыларға шүйлігуде: «Біз Ресейдің қысымымен онсыз да сырттан келетін көліктерге баж алымын өсірдік. Ресей автомобиль өнідірісінің қазақстандық нарықтағы мүддесін одан әрі тықпаламай, өзіміздің азаматтарымыздың өз қаржыларына алғысы келетін таңдау құқықтарын қорғауымыз керек» деп сөзін түйіндеді ол.
«Ақ жол» партиясы және оның депутаттары қолданыстағы салық саясатын ұлттық индустрия мүдделеріне сай жаңғырту керектігін айтумен келеді. ҚҚС-ның салалық мөлшерлемелерін енгізу туралы ұсыныс салық заңнамасын алдыңғы талқылауда «Ақ жол» партиясының депутаттарының күшімен енгізілген, бірақ кері қайтарылған болатын.
Министр Ерболат Досаев осы жолы «ақжолдықтармен» жақтас болып табылатынына сендірді: «Мен келешегі бар бағыттағы салалық қолдау жағындамын. Тексеру аяқталған соң, қаржының бір бөлігін типтік жеңілдіктерден босатамыз, ал бұл 1 триллион 251 миллиард теңге, біз бұны салалық бағытқа жібереміз және өндірістік кәсіпорындарды, инновацияларды қолдаймыз», - деді министр.
Abai.kz