Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1272 0 пікір 20 Қараша, 2023 сағат 14:41

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы «Ақтілек-автодорожный» өткізу пунктінде жүк көліктері тағы да кептеліп қалды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ҰҚМК Шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  24.kg сайты.

20 қараша 11.00-дегі жағдай бойынша, «Ақтілек-автодорожный» бақылау-өткізу пункті алдында шекара тексерісінен өту үшін 500 жүк көлігі кезекте тұр.

Өткен тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 280 автокөлік кірген.

«Өткізу пунктінде жүк көліктерінің жиналып қалуы – маусымдық жағдай. Оған Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуы себеп болады. Сонымен қатар жануарлар мінген және тез бұзылатын өнімдері бар жүк көліктері өткізу пукнтінен кезексіз өтіп жатыр. Қазақстан мен Қырғызстаның шекара қызметі тарапынан жүк көліктеріне ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр» делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар