Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1371 1 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 17:22

ХАМАС Израильмен келісімге келмек

ХАМАС көшбасшыларының бірі, топтың саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Израильмен бітімгершілік жақындап қалғанын хабарлады. Тараптар Газа секторының оңтүстік бөлігінде бес күн оқ жаудыруды тоқтату туралы келісімге келуі мүмкін, деп жазады Reuters басылымы.

Оның өтеуі ретінде ХАМАС пен «Ислам жиһады» әскері тұтқынға алған 50 адамнан 100 адамға дейін босатады.

ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөзде Катар бітімгер болып отыр. Катарда ХАМАС саяси тобының кеңсесі орналасқан, ал Дохада Исмаил Хания тұрады.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден тұтқындарды босату туралы келісім жақын арада орнауы мүмкін екенін мәлім еткен.

Дүйсенбі күні араб және ислам елдерінің СІМ Қытайға барып, ҚХР сыртқы істер министрі Ван И мырзамен Палестина мәселесін тез арада шешу туралы келіссөз жүрді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар