Сенбі, 23 Қараша 2024
1381 0 пікір 23 Қараша, 2023 сағат 12:07

Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Бүгін Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды.

Еске салсақ, Мейрамбек Таймерденов 2019 жылы Жоғарғы сот судьясы болып сайланған еді.

М. Таймерденов 1958 жылы туған, заңгер. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады.

1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет істеді.

1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 1999 жылы Алматы облыстық сотының судьясы.

2001-2005 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы.

2006 жылы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметіне келді.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы. 2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы.

2013 жылғы желтоқсаннан Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымында болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396