Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1561 1 пікір 24 Қараша, 2023 сағат 16:26

Бүгін Бакуде шоң жиылыс: СПЕКА саммиті өтеді

Қазірге дейін: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан президенттері, Грузия мен Венгрия премьерлері Әзербайжан астанасына жетті. Тоқаев Әлиевпен жолығып үлгерді.

Әзербайжан Президенті СПЕКА саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Біз – достас, бауырлас әрі серіктес елдерміз. Соңғы жылдары ресми сапарлар аясында, екі ел үкіметтері мүшелері мен компаниялары  шеңберінде өзара байланыстардың қарқынды түрде дамып келе жатқаны анық байқалады. Біз екі мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықтың ең жоғары деңгейіне жетіп отырмыз. Бұл – тәуелсіз ел ретінде даму тарихымыздағы айтулы оқиға және халықтарымыз арасындағы байланыстардың рухы мен сипатына сай келеді. Мұның солай болатын жөні бар, – деді Әзербайжан Президенті.

Ильхам Әлиев Қазақстан Президентін келесі жылы Әзербайжанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Каспий теңізінің табанымен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту, Әзербайжан аумағы арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемін ұлғайту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, сондай-ақ энергетика мен жаңартылатын энергия көздері салаларындағы перспективті жобаларды жүзеге асыру сияқты маңызды бағыттарда бірлескен жұмыстарды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Бауырлас халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән берілді. Жуық арада Қазақстанда Әзербайжанның, ал Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері ұйымдастырылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1543
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6088