Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1433 5 пікір 24 Қараша, 2023 сағат 16:51

Израиль мен ХАМАС 4 күндік бітімге келді

Бітім төрт күнге созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде кепілге алынған 50 израильдік пен 150 палестиналық тұтқын босатылады, деп хабарлайды DW .

Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату туралы келісім 24 қараша, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де күшіне енді.

Бітім төрт күнге созылады деп жоспарланған.

Осы уақыт аралығында кепілге алынған 50 израильдік пен 150 палестиналық тұтқын - әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар босатылуы керек.

Қатардың араласуымен жасалған келісімге сәйкес, ХАМАС ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам Мәскеу уақытымен сағат 17.00-де босатылады.

Израиль жұма күні кепілге алынғандардың алдын ала тізімін алғанын растады.

Осы күні кепілге алынған қанша палестиналық босатылатыны белгісіз.

CNN израильдік шенеунікке сілтеме жасап, әңгіме 39 адам туралы болып жатқанын хабарлады.

Израильдік кепілге алынғандар өз еліне кіргеннен кейін ғана палестиналықтар босатылады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар