Жұма, 15 Мамыр 2026
2303 0 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 13:14

Қырғызстан депутаты: «Бақсы-балгерлерді жарнамалауға тыйым салу керек»

Жогорку Кеңеш депутаты Марлен Маматәлиев Қырғызстанның «Жарнама туралы» заңына өзгерту енгізуді сұрады. 

23 қарашада қоғам талқылауына ұсынылған заң жобасына сәйкес, құжаттың 16-бабына өзгерту енгізу ұсынылған. Атап айтқанда, депутаттар балгерлік, түс жору, магия, бақсы, спиритизм секілді тылмыс күшке қатысы бар қызметтерді жарналамалауға тыйым салуды ұсынып отыр.

Марлен Маматәлиевтің пікірінше, «жоғары технология мен ғылым өрлеуі кезеңінде азаматтардың бақсы-балгерлердің алдауына түсіп қалып жатқаны қынжылтады».

Заңдағы 16-бап есірткі, порнография, адам саудасы және басқа да қызметтерді жарнамалауға тыйым салуды қарастырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2761
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1876