Жұма, 22 Қараша 2024
1221 0 пікір 27 Қараша, 2023 сағат 15:30

«Қазақмыс» кенішінде 2 жұмысшы мерт болды

«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде екі жұмысшы қаза болды.

«Қазақмыс» компаниясы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған қызметкерлері (үңгушілер) ауыр жарақат салдарынан қаза болды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Кенішке Жамбыл облыстық Еңбек инспекциясында құрылған арнайы топ баратыны белгілі болды.

«Бүгін қайғылы оқиға орын алған жерге Жамбыл облыстық Еңбек инспекциясының арнайы құрылған комиссия тобы барады. Басқа ақпараттар арнайы комиссияның шешімінен соң белгілі болады. Әзірге тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар қызметі баспасөз хатшысы Сәуле Мұнатаева.

Айта кетейік, «Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы уақытта жазатайым оқиғалар көбейді. Мәлесен, осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист мерт болды.

Ал 6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тауып, «Жыланды» кенішінде 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді.

«Қазақмыс» – Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. Компанияның құрамында 10 кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар. «Қазақмыс» кенді өндіруді және оны тауарлық металға өңдеуді жүргізетін өндірістік объектілерді басқарады.

Ал «Жайсаң» кенішіндегі жұмыс 2020 жылы басталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321