Израиль мен ХАМАС арасында ттұтқын алмасу жүріп жатыр
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім 2 күнге ұзартылып, тағы 11 адам босатылды. Олардың қатарында шетел азаматтары да бар. Бұл туралы Euronews хабарлады.
ХАМАС дүйсенбі күні тағы 11 адамды бостандыққа жіберді, олардың 3-еуі Франция, 2-еуі Германия және 6-ы Аргентина азаматтары. Бұл туралы соғысушы тараптар арасындағы келіссөздерде делдал болған Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдеді.
Израиль босатқан тұтқындар арасында кәмелетке толмаған 30 бала және 3 әйел бар.
Израиль мен ХАМАС арасындағы сейсенбі күні аяқталған бітім тағы екі күнге, бейсенбі күнгі таңғы сағат 7-ге дейін ұзартылды.
Келісім шарттарына сәйкес, жұмадан бастап ХАМАС күн сайын 13 израильдік кепілге алынған әйелдер мен балаларды, ал Израиль 39 палестиналық тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен жасы 19-ға толмаған жастарды түрмеден босатады.
Израиль үкіметінің өкілі Эйлон Леви журналистерге еврей мемлекетінің билігі ХАМАС-қа Газа секторындағы бітімгершілікті ұзарту мүмкіндігі ашық екенін ескерткенін айтты.
«Бүгінгі бостандыққа шыққандар легінен кейін тағы да кепілге алынғандарды босату бағдарламасы күшінде қалады. Өткен аптада Үкімет 300 палестиналық қатыгез қылмыскердің болжамды тізімін бекітті. Келісімге сәйкес, ХАМАС тұтқындарды босатуға келіссе, бұл тағы 50 кепілге алынған адамды босату үшін бес күндік үзіліс жасауға мүмкіндік береді», - деді ол.
ХАМАС қамауға алған 240-қа жуық тұтқынның 73-і босатылды. Кепілге алынған әрбір 10 адам үшін бітімгершілікті бір күнге ұзартуға келісе отырып, Израиль бұрынғыша ХАМАС-тың әскери мүмкіндіктерін жоюға ниетті екенін білдірді.
Дүйсенбі күні Египет пен Газа секторы арасындағы Рафах шекарасы арқылы гуманитарлық жүк көліктерінің кіруі жеделдеді. Жексенбі күні жүк көліктері алғаш рет солтүстік секторға келді.
Әлі де ХАМАС содырларының бақылауындағы анклавқа көмек ағынының тоқтауы бітімгершіліктің аяқталғанын білдірмек.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz