Жұма, 22 Қараша 2024
1807 13 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 15:44

Қазақтарды «маймылға» теңеп, өлтіруге үндеген әйел 4 жылға қамалды

Астана қаласының тұрғыны Наталья Свириденко қазақ халқына қорлық сөздер айтып, оларды бір-бірлерін өлтіруге шақырғаны үшін 4 жылға сотталды деп жазды ҚазТАГ. 

Свириденко (өз тегі – Меркулова) Наталья Валентиновна ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігінде («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру») көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – делінген Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.

Свириденко биылғы 7 тамызда сағат 1:00-ден кеткенде Астанадағы үйінде ТikTоk әлеуметтік желісінде «Королева 2» аккаунты арқылы тікелей стрим-трансляция жасап, ұлттық ар-намыс пен азаматтардың қадір-қасиетін қорлауға тырысты. Тікелей трансляция кезінде ол көрермен арасында басқа ұлт өкілдерінің бар екенін біле отырып, қазақ халқын ашық түрде қорлай бастады. Ол қазақ халқын маймылға теңеп, «шимпанзе», «макака» десе, көрермендерінің бірінің балаларына өлім тілей отырып, олардың біреуін «науқас» деген.

Сот TikTok-тан эфир жазбасын қарап, Свириденконың мәлімдемелері «бүкіл қазақ халқын және Қазақстанның мемлекеттік билігін қорлайтын және кемсітетін мазмұндағы әдепсіз, қолайсыз сөздерден тұрады» деген қорытынды шығарды.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317