Жұма, 22 Қараша 2024
1488 0 пікір 28 Қараша, 2023 сағат 17:02

Шымкент әуежайы отандық инвесторға беріледі

Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент әуежайы неліктен сауда-саттықтан алынғанын түсіндірді. Бүгін бұл әуежайдың 2026 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарына енгізілмейтіні белгілі болды.

«Шымкент әуежайы инвесторды тарту үшін сауда-саттықтан алынып тасталды. Яғни, жекешелендіруге емес, нақты инвесторға беріледі», – деп түсіндірді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Көлік министрі Шымкент әуежайының жанында Scat компаниялар тобы кешенінің құрылысы жүріп жатқанын түсіндірді.

«Біз қазір әуежайды белгілі бір отандық инвесторға беру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сонда бәрі бір кешенде болады», – деп толықтырды Марат Қарабаев.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321