Сенбі, 23 Қараша 2024
960 0 пікір 5 Желтоқсан, 2023 сағат 18:19

Алматы метросына қосымша вагон қосылды

Алматыда жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде қала метросында жылжымалы құрамның саны өсті.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қаланың қарбалас кезінде метрополитен желісінде енді 5 минут 38 секунд жиілікпен 11 жылжымалы құрам жүретін болады.

"Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгені ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда метродағы пойыздардың жүру аралықтары 6 минутқа дейін қысқарған еді.

Сондай-ақ Алматыда метромен жүретіндер саны артқан.

Сонымен бірге, Алматылықтар жыл соңына дейін метрода 5 теңгемен қатынай алатыны туралы жазғанбыз.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371