Бұл туралы Қазақстанның Адам құқықтары бойынша халықаралық бюросы мәлімдеді.
Ақпаратқа қарағанда, қорды жою туралы шешім қараша айының басында шыққан. Бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.
Сот қор жарғысы "Қазақстан заңдарының талаптарына сәйкес келмейді" деп тапқан.
Қор жетекшісі Тұрарбек Құсайынов оның ұйымы қысқа мерзімді Украинаға 5 миллион теңгеге (10 800 доллар) гуманитарлық көмек жібергенін айтты. Оның пікірінше бұл қорды жоюға Ресей себепші болуы мүмкін.
Қазір Қазақстанда Украинаға көмек көрсеткен бірнеше қайырымдылық қорлары және еріктілер жұмыс істеп жатыр.
Abai.kz