Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
2273 0 пікір 6 Желтоқсан, 2023 сағат 15:18

Санкция салынған жүктер Түркіменстан мен Иран арқылы тасылады

Қазақстан санкция салынған жүкті Еуропаға Түркіменстан мен Иран кіретін Оңтүстік маршрут арқылы тасуға келісті.

Көлік министрлігі мәлімдегендей, Беларусь пен Еуропа ортасындағы 13 шекара бекеті істемей тұр. Ресей-Финляндия шекарасындағы өткізу бекеттері де жабылған.

"Мұның салдарынан қазақстандық жүк көліктері Беларусь-Литва және Латвия шекарасында көбірек тұрып қалды. Сондықтан біз жүкті Еуропаға жеткізу үшін Түркіменстан мен Иран транзиті туралы сөйлестік", - делінген көлік министрлігі таратқан мәліметте.

Оңтүстік маршрут арқылы жүк тасу уақыты ұзағырақ болады, бірақ ол балама ретінде аталып жатыр.

Беларусь мәліметінше, еуропалық өткізу бекеттердің 40% ғана істейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 866
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1165