Ақтауда қоқыс полигондарын тазалауға 123 млн теңге бөлінбек
Ақтаудағы 20 қоқыс полигонын жоюға бюджеттен 123 миллион теңге бөлу жоспарлануда, деп хабарлады Lada.kz.
Қалада полигондардың бары туралы ақпаратты «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ компаниясы спутниктер арқылы анықтаған. Қоқыстың жалпы ауданы шамамен 42 мың текше метр, бұл қоқыс полигонының тарифі бойынша (1текшеге 1300 теңге) 54 600 000 теңгені құрайды екен.
Қала билігі «егер тұрғындары осыншама қоқысты үйіп тастамағанда, миллиондаған теңге бюджетте қалып, басқа маңызды қажеттіліктерге жұмсалар еді» дейді.
фото: ғаламтордан
Abai.kz