Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3001 0 пікір 17 Қыркүйек, 2013 сағат 08:54

Бәрін айт та, бірін айт, Маралдының балын айт!

Біздің елімізде ортаорыстық арасының таза тұқымын Күршім ауданындағы Маралды өңіріндегі омарташылар ғана сақтап қалып, қазіргі уақытта көбейтумен айналысып жатыр.

– Қазір табиғи қорық құру, араның тұқымын сақтап қалу бағытында біршама жұмыс-тар жүргізіліп келеді. Омарташылар таза асыл тұқымды араны негізгі талаптарға сай өсіріп, басқа шаруашылықтарға таратып беруге көп көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда біздің округте 100 ара ұясы бар омарташылар Үкіметтен демеу қаржы алып отыр, – дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Мақсат Кәкімов.

Округ тұрғындары қысы алты-жеті айға дейін созылатын өңірде қандай шаруамен айналысу ыңғайлы екеніне көздері жеткеннен кейін, омарта шаруашылығына ден қойып, ара санын көбейтіп жатыр. Бұл ара тұқымы-ның басқаларынан бір ерекшелігі – осы өңірге тән ұзақ қыста қыстап шығуға бейімделгені. Әрине, ара өсірудің оңай кәсіп емес екені даусыз. Биылғы жаңбырлы жазда таулы өңірдегі омарта шаруашылығын дамытуға аса қолайлы Күршім, Маралды өзендерінің бойында аралар бал тарта алатындай және сапалы өнім беруін қамтамасыз етерлік негізгі құнарлы азық – шырыны мол гүлді өсімдіктердің сан алуан түрлері тұтасып бітік өсіп шықты.

Ертеректе бал өндіру жағынан облыстың алдыңғы қатардағы іргелі шаруашылықтарының бірі болған «Маралды» кеңшары тоқырау кезеңінде таратылып, дағдарысқа ұшырады. Сол жылы бұл өңірде небәрі оншақты ара ұясы қалған еді. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ осы саланы жедел жетілдіру жөніндегі бастамасының шарапаты маралды-лық кәсіпкерлерге де тиіп, тамыры үзілуге ай-налған омарта шаруашылығына жан бітірді. Соңғы төрт-бес жылдың ішінде ғана осы округте бұл саланы дамытуға түбегейлі бетбұрыс жасалып, көптеген игі істер жүзеге асырыла бастады. Қазіргі таңда округте 45 омарта шаруашылығы құрылып, жаз айларында үш мыңға дейін ара ұясын ұстап отыр. Ара өсіру-шілер жылына жалпы жиыны 50 тоннадай бал өндіріп, сатылымға шығарып, табыс көзін негізінен сол саладан тауып отыр. Жыл сайын ара өсірушілерге облыстық бюджеттен демеу-қаржы бөлініп, қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.

Баймәди Тебісовтің, Бақытбек Анапиевтің, Болатбек Нұғымаровтың, Ерлан Қаспақовтың, Ербол Әбішековтің, Меңдіхан Дабырбаевтың, Серік Сәрсенбиннің шаруашылықтары орта-орыс арасын өсіретін асыл тұқымды омарта шаруашылығы мәртебесін алды. Ал Анар Құсайынова, Құмарбек Жүнісов, Меңдіғазы Жүнісов бір миллион теңгеден, Әділ Қожақов, Ермек Молдағапуов үш миллион теңгеден несие алып, омарта шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Бұрын басқа жаққа қоныс аударған ауыл тұрғындарының бірқатары қайта оралып, ара өсіру-мен айналысуда. Осы округте жылына екі-үш шаруашылық құрылып жатыр.

Сондай-ақ, Маралды орта мектебіндегі қосалқы омарта шаруашылығында оқушылардың осы мамандықтың қыры мен сырына қанығып, білімді тәжірибемен ұштастырула-рына жағдай жасалған.
Округ омарташылары Өскемендегі халықаралық бал фестивалінде жыл сайын белсенділікпен қатысып келеді. 2011 жылғы фестивальда Маралды балы бірінші орын алды. Биыл Өскеменде өткен «Қазақстанның үздік тауарлары-2013» облыстық байқау-көрмесіне жеке кәсіпкер Ләззат Кәкімованың шағын ыдыстарға құйған балы «Жоғары дәрежедегі дизайн үшін» аталымында жоғары бағаланды.

Маралды балы облысымыздан тысқары жерлерге де белгілі бола бастады. Былтыр маралдылық омарташылар Шығыс Қазақстан облысының Астана, Қызылорда, Шымкент қалаларында өткен мәдени күндерінде өз өнімдерін көпшілікке ұсынып, тұтынушылар-дың ықыласына бөленді.

– Омарташылар балды қайда өткіземін деп уайымдамайды, тіпті, жарнамалық қолдаудың да қажеті жоқ. Маралды өңірі балының дәмін татқандар тағамдық және емдік қасиеті жоғары екенін біліп отыр. Сондықтан алушылар да, арнайы тапсырыс берушілер де аз емес. Біздің бал жәрмеңкелер мен сауда орындарында да тез өтіп кетеді. Басқа балдар сапасы жағынан біз-дің балға жетпейді, – дейді Мақсат Кәкімов.
Бұл күндері ара тұқымын сақтау және көбейту, тұқымы басқа араларды араластырмау, омарта шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу, ара ауруларының алдын алу бағытында округ омарташыларының қолға алған кешенді іс-шаралары жүзеге асырылып, нәтижесін көрсете бастады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394