Жұма, 9 Қазан 2026
2593 1 пікір 11 Желтоқсан, 2023 сағат 12:49

Қызылша асқынды: Қазақстан әлем бойынша 3-орында

АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы әлемде қызылша жұқтыру бойынша статистиканы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл тізімде Қазақстан үшінші орында тұр. Орталықтың мәліметінше, елімізде 2023 жылдың мамы айынан қазан айына дейін қызылша жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген. Ең көп жұқтыру жағдайы Йемен елінде - 25 261 адам. Одан кейін Үндістан (14 927) жайғасқан.

Айта кетейік, елімізде соңғы мәлімет бойынша  қызылша жұқтырғандар саны жиырма мыңнан асты. Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделеніп тұр.

Бұған дейін аурудың ең жоғары деңгейі Шымкент, Алматы қалаларында, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді.

фото: gov.kz

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 906
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1206