Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1392 0 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 13:21

13 млн теңге сыйақы алған Алматы ТЖД басқармасының бастығына үкім шықты

Қостанайдың №2 соты Алматы ТЖД басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алмат Жаныспаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алмат Жаныспаев кәсіпкерге “қамқорлық” көрсетіп, жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Шенеунік бес жылға бас бостандығынан айырылды. Арнайы лауазымдардан, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір