Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5092 0 пікір 28 Қыркүйек, 2013 сағат 11:42

Шығыста шағын EXPO

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың мәжіліс залында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қатысуымен «Жаһандық диалогтың жаңа түрі» атты жиын өтті.

Бұл жиын Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен қолға алынған «G-Global» коммуникативті алаңын қолдауға арналды. Аймақ басшысы сенаторлар Серік Нүгербеков пен Сергей Плотниковтың облысымызға іссапармен келгенін пайдаланып, аталмыш маңызды жобаның басымдықтары мен оған шығысқазақстандықтардың қандай үлес қоса алатынын талқылау үшін жиын өткізу шешімі қабылданғанын ерекше ескертті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың мәжіліс залында облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қатысуымен «Жаһандық диалогтың жаңа түрі» атты жиын өтті.

Бұл жиын Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен қолға алынған «G-Global» коммуникативті алаңын қолдауға арналды. Аймақ басшысы сенаторлар Серік Нүгербеков пен Сергей Плотниковтың облысымызға іссапармен келгенін пайдаланып, аталмыш маңызды жобаның басымдықтары мен оған шығысқазақстандықтардың қандай үлес қоса алатынын талқылау үшін жиын өткізу шешімі қабылданғанын ерекше ескертті.

- Парламент Сенатының депутаттары сіздерге әлемде, соның ішінде біздің маңайымызда болып жатқан экономикалық өзгерістер мен үдерістерді таныстыру үшін келіп отыр. Елбасы ұсынған «G-Global» жобасының негізгі бағдарламаларының бірі болып саналатын ядролық қауіпсіздік пен «Жасыл экономика», ұлтаралық және дінаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері біздің аймаққа тікелей қатысты. Бұл жиынның біз үшін маңыздылығы осында. Төрт жыл бұрын әлем экономикасы мен дамыған елдердің тәжірибесін зерттейтін клуб құрылған болатын. Сол клубтың жұмысы өзекті болғаны соншалық, бүгін сол кішігірім орта үлкен ұйымға айналып отыр. Сол ұйымның арқасында дүниежүзінде болып жатқан барлық экономикалық жетістіктер мен жаңалықтар Қазақстанға тарап отыр. Елбасымыз интеграциясыз қазіргі жағдайда алға жылжу мүмкін емес екенін үнемі айтып келеді. Ал «G-Global» жобасы осы тұрғыда да үлкен ақпараттық құрал бола алады.

Еліміздің алдына ресурстарды үнемдеу міндеті қойылғаннан бері «EХPO-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығы арта түскенін де білесіздер. Бұл жобаның жемісті жүзеге асуы үшін біздің облыс тарапынан қандай шаруалар тындырылып жатқанына тоқталсақ, келер жылы Оңтүстік Корея мен Қытайдың тәжірибесін зерттей отырып, өз базамызда шағын EXPO өткізбекпіз. Ал тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында біздің кіші Ассамблея мен ұлттық-мәдени бірлестіктер құрылған. Солардың жұмысын жандандыру арқылы өңірде тұтастық сақталуда. Елбасының бұл бастамасы болашаққа арналған жоба екені даусыз. Оның ел болашағына қатысты қозғаған мәселелері шығысқазақстандықтардың ел ертеңіне деген сенімін арттыра түсті. Қазір біздің ересектер мен студенттерді қойып, оқушылардың өзі экономика іліміне қызығушылық таныта бастады. Бұл ұлт Көшбасшысы алға қойған міндеттердің болашақтағы өміршеңдігін көрсетеді, - деген облыс Әкімі сенатор Серік Нүгербековті «G-Global» жобасын іске асырушы ретінде таныстырып, сөз кезегін ұсынды.

Сенатордың айтуынша, аталмыш жоба Елбасының әлем қауымдастығы алдында ғаламдық дағдарысты еңсеру бойынша ұсынған сындарлы жобаларды қамтып отыр. Жыл сайынғы Астана экономикалық форумы, бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, «EXPO-2017», қауіпсіз атом энергетикасы, халықаралық экологиялық «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сынды сүйекті жобаларды жүзеге асырудың басым бағыттары мен жолдарын үздіксіз талқылап отыру қажеттігі туғандықтан, аталмыш сұхбат алаңы құрылғанын айтқан Серік Нүгербеков бұл жоба жалпы экономиканы дамытудың теориясы мен тәжірибесінің тоқайласар орны болатынын меңзеді. Жоба аясында оның бес қағидатына қатысты өзекті мәселелер онлайн жүйеде айлар бойында талқыға түспек.

«G-Global» мегажобасына атсалысушы әрбір қазақстандық жас ғаламтор арқылы әлемнің қол жете бермейтін беделді экономикалық журналдарымен сусындап қана қоймай, 17 Нобель сыйлығының лауреаттары бастаған білікті сарапшылармен байланысқа түсу мүмкіндігіне ие бола алатыны да айтылды.

Мегажобаның маңыздылығы мен оны жүзеге асыруда аймақтың нендей ұсыныстар бере алатыны жөнінде өз ойларын ғалымдар атынан Александр Кайгородцев пен Нелли Краснобаева, үкіметтік емес ұйымдар атынан Олег Чернышов, атом энергетиктері атынан Александр Гуркин, жастардың атынан Еркебұлан Балтабеков үн қосты. Ал активке қатысушы жас ғалымдар түрлі сауалдар қойып, толымды жауап алды.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы барлық көтерілген ұсыныстар назарға алынғанын мәлімдеп, жастарды бүгінгі заман ұсынып отырған ақпараттық мүмкіндіктерді сарқа пайдалануға шақырды.

- Көптеген ұсыныстар көңілден шығып жатыр. Әсіресе, Ережеп Мәмбетқазиев ұсынған өзіміздің сұхбат клубын құру идеясын зерделеу қажет. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық клуб ұсынысына келер болсақ, бұл сипаттағы сұхбат алаңдары бізде жеткілікті. Кайгородцев мырзаның зауыттарда ескі технологиялар пайдаланылып келе жатқаны жөніндегі мәлімдемесіне алып-қосарым, біздегі алып өндіріс ошақтарының бәрі әлемдік стандарттарға сай инфрақұрылыммен жұмыс істеп келеді. Түсті металдарға сұраныстың түскеніне қарамастан, жұмыс орындарының сақталып, еңбекақы мөлшерінің тұрақты қалуы соның айғағы. Соның арқасында экономикалық өсімді ғалым айтқан 5-6 пайыздық межеден артық орындап отырмыз. Елбасы ұсынған дамудың жаңашыл бағыттарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін тек ашық сұхбатқа шығып қана қоймай, көзбен көріп, тікелей әрекет етудің маңызы зор дер едім, - деді ол. Ал Серік Нүгербеков шығысқазақстандық жастарды«G-Global» сұхбат алаңына белсене қатысуға шақырып, келер жылы дәріс беруші Нобель сыйлығы лауреаттарының бірін біздің аймаққа әкелуге уәде берді. Жиын соңында «G-Global» жобасын одан әрі дамыту бойынша қорытынды қарар қабылданды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965