АПА агенттігінің хабарына қарағанда, Yeni Azərbaycan партиясы төрағасының орынбасары Тайыр Будагов "Қарабақты кім азат етсе, сол мәңгілік президент болады деп көптен бері айтып жүрдік. Менің ойымша, Ильхам Алиев 20 жылдық саясатында әзербайжан халқына қызмет көрсетті, жерімізді азат етіп, бұл орынға лайық екенін танытты. Әзербайжаннның әрбір патриоты бұған келіседі" деп сөйлеген.
2025 жылы кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы Әзербайжан 7 желтоқсанда шешім қабылдаған.
- Әзербайжан президенті 7 жылға сайланады. Бұл түзету 2016 жылы конституцияға енгізілген. Бұрын бес жылға сайланып келген.
- Әзербайжандағы президент сайлауы 2018 жылы 11 сәуірде өткен. Бастапқыда қазан айында өткізу көзделген, алайда Әлиев бірнеше ай бұрын өткізу жөнінде шешім қабылдаған. Оппозиция сайлауға бойкот жариялаған. Олар Әлиевті сөз еркіндігін жойды, авторитаризм орнатты, өзгеше ойлайтындарды қуғындады деп айыптайды.
- Ильхам Әлиев әкесі Гейдар Әлиев өлерден екі ай бұрын, 2003 жылы президент болып сайланған. Ильхам Әлиев "бір адам екі мерзімнен артық президент болып сайлана алмайды" деген конституция бабын алып тастаған. Одан кейін президент өкілеті мерзімін бес жылдан жеті жылға өзгерткен. Әзербайжан саясаттанушылары Ильхам Әлиев президент креслосын ұлына беруі мүмкін деп болжайды.
- 2020 жылы ақпанда Әзербайжанжда кезектен тыс парламент сайлауы өткен. Ильхам Әлиев басқаратын "Ени Азербайджан" партиясы сайлауда жеңдік деп хабарлаған. Әзербайжан оппозициясы сайлау бұрмалаумен өттті деп мәлімдеген. Тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың мәліметіне қарағанда, сайлауда бақылаушыларға алуан түрлі кедергі жасалған.
Abai.kz