Жұма, 29 Қараша 2024
1271 0 пікір 14 Желтоқсан, 2023 сағат 10:39

ЕО-да жаңа орган құрылады

European Union flags flutter outside the EU Commission headquarters in Brussels, Belgium June 17, 2022. REUTERS/Yves Herman

Еурокомиссия сәрсенбі күні Еуропалық парламент пен Еуропалық кеңес арасындағы ЕО-ның ақша жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі жаңа органын (AMLA) құру туралы алдын ала келісімін құптайтынын мәлімдеді.

Жаңа орган ЕО-ның орталықтандырылмаған реттеуші агенттігі түрінде құрылады деп жоспарланды.

Еурокомиссия хабарламасында ЕО-ның жаңа органының құрылуы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті қадағалауды өзгертеді және ЕО қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты жақсартады делінген.

Енді құрылатын AMLA құрылымы ЕО ережелерін дұрыс және дәйекті қолдануды қамтамасыз ету үшін одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық органдарын үйлестіретін болады.

AMLA-ның қаржы секторы ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыру қаупі жоғары ұйымдарды тікелей бақылайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1600
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3414
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6730