Әзірбайжан Арменияға 32 сарбазын қайтарды
Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы Газах ауданында екі ел өкілдері әскер алмасты. Бұны Әзірбайжанның әскери тұқындар, кепілге алынғандар мен із-түзсіз жоғалғандар жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы растаған.
Екіжақты келісім аясында Әзірбайжан тұтқындалған 32 армян сарбазын босатты. Олардың 26-сы 2020 жылдың желтоқсанында Гадрут ауданында ұсталған болатын, қалған 6-уы шекарада әртүрлі уақытта қолға түскен.
Армения тарапы екі Әзірбайжандық сарбаз Гусейн Ахундов пен Агшин Бабировты босатты.
Әзірбайжандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, тұтқын алмасу ешқандай тосын әоекетсіз өтті және екі тарап та қажетті хаттама талаптарын мүлтіксіз орындады. Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдері тұтқындағы сарбаздардың денсаулығы мен жалпы жағдайын бағалады.
Әскериі қызметшілер Агшин Бабиров пен Гусейн Ахундов 9 сәуір күні Нахчыван Автономиялы Республикасында Армениямен шартты шекарада күн бұзылып, айналадағы көріністің қиындауына байланысты із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
8 мамыр күні армян соты Агшин Бабировты 11 жыл 6 айға бас остандығынан айырды. Кейінірек, 21 маусымда Гусейн Ахундов 20 жыға сотталды, деп хабарлады Әзірбайжандық media.az порталы.
Желтоқсан айының басында Әзірбайжан президентінің Әкімшілігі мен Армения Премьер-Министрінің Аппараты бірлескен мәлімдеме жасады.
«Гуманизм ұстанымдары негізінде Әзірбайжан Республикасы 32 армян әскери қызметшісін ал Армян Республикасы екі Әзірбайжан сарбазын босатады»,-делінген мәлімдемеде.
Жалпы алғанда бірлесіп жасалған құжат негізінде Баку мен Ереван өзара қарым-қатынасты реттеп, бейбіт келісімге келгендерін растады.
фото: azertag
Abai.kz